Ислам діні

Президент имамдарға үндеу жасады

  • Президент имамдарға үндеу жасады

    Президент имамдарға үндеу жасады

Жұртшылықты татулық пен сыйластыққа шақыру аса маңызды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев IV республикалық имамдар форумының делегаттарына бейне үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды:

Құрметті форумға қатысушылар!
Баршаңызды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының отыз жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл &ndash бүкіл мұсылман қауымы үшін айтулы оқиға. Діни басқарма Егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға атсалысып келеді. Сондай-ақ, еліміздегі дәстүрлі исламды дамытуға зор үлес қосуда. Биылғы пандемия кезінде діни басқарма көптеген қайырымдылық шарасына ұйытқы болды. Жұртшылықты татулық пен сыйластыққа шақыру аса маңызды. Бұл міндетті біздің дін басшыларымыз абыроймен атқаруда. Әлемде діни алауыздық өршіген қазіргідей күрделі кезеңде дін қызметкерлерінің рөлі айрықша. Сондықтан, ел ішінде жүргізілетін ағартушылық жұмыстардың мазмұны және сапасы үнемі назарда болуы керек. Мешіттерде әрдайым имандылыққа, адамгершілікке үндейтін уағыздар айтылғаны жөн. Сондай-ақ, білім мен ғылымға құштарлық, Отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін дәріптеуіміз керек. Азаматтарымыздың діни тұрғыдан сауатты болуына және жат ағымдардың жетегінде кетпеуіне сіздердің қосар үлестеріңіз мол. Имамдар мен дін қызметшілері осы жауапты міндетті келешекте де ойдағыдай атқаратынына сенемін.

Құрметті имамдар, форум делегаттары! Сіздердің сауапты істеріңіз әрдайым еліміздің береке-бірлігін нығайтуға арналған. Мұндай игі жұмыс қашанда ерекше құрметке лайықты.
Сондықтан, дін саласын дамытуға айрықша үлес қосқан бірқатар имамдар мен ғалымдарға бүгін мемлекеттік марапаттар табыс етіледі. Баршаңызды құттықтаймын! Форум жұмысы жемісті болсын, делінеді үндеуде.




Көрілген: 1373    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.12.2020, 17:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 20:26
    АЯТ ДЕГЕН НЕ?
    20 Ақпан, 14:51
    СҮРЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Ақпан, 01:50
    Мешіт әдептер
    17 Ақпан, 19:47
    САУАБЫ КӨП АМАЛДАР
    3 Ақпан, 11:37
    Рия деген не?
    28 Қаңтар, 17:38
    Мен неге кедеймін?
    27 Қаңтар, 13:29
    Сабырлық
    27 Қаңтар, 10:29
    Алланы тану
    26 Қаңтар, 16:37
    Қабірдің ахуалы
    26 Қаңтар, 10:55
    Өлім сәті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31