Ислам діні

Пітір садақаны кімге берген дұрыс?

  • http://islam.kz/

    http://islam.kz/

Рамазан айында орындалуы тиіс құлшылықтардың бірі – ол пітір садақасы. Оны кімдер беруге міндетті? Кімдер пітір садақасынан босатылады? Бұл туралы "Нұр Астана" мешітінің наиб имамы Нариман Исеновтен сұхбат барысында сұраған едік.

 

– Пітір садақа мен жалпы садақаның айырмашылығы бар ма?

 

– Айырмашылығы бар. Себебі, садақа мал-мүліктен беріледі. Ал, пітір садақа адам өмірге келгені үшін, жан садақасы, бас амандығы үшін беріледі. Жағдайы бар адамдар бұл пітір садақасын беру – уәжіп. Яғни, күнделікті тұрмысынан бөлек 595 гр күмістің құнындай артық қоры болса пітір садақасын бере алады. Ол осы күнгі 127 мың теңгеге сәйкес келеді. Осындай қоры бар әрбір кісі 370 теңге көлемінде пітір садақасын беру керек. Егер ондай қоры жоқ кісіге пітір садақа беру міндетті емес.

 

– Ал 370 теңге мөлшер қалай есептеледі?

 

– Бұл мөлшер негізінен екі килограмм бидайдың құнымен өлшенеді. Алайда, қазіргі заманда бидай емес дүкендерде ұн сатылады. Ал біздің елдегі ең арзан ұнның құны 370 теңгенің мөлшерінде. Сондықтан да әр жыл сайын осы ұнның құнына байланысты пітір садақаның мөлшері де өзгеріп отырады. Негізі пітір садақаны миізбен де, құрмамен де беруге болады.

 

– Пітір садақаны онлайн беруге болатындай жағдай жасалды. Бұл пітір садақаны міндетті түнде ҚМДБ-ға беру керек деген сөз бе?

 

– Жоқ. Бұл тек қазіргі карантин кезінде халыққа жасалып отырған жеңілдік. Үйінен шықпай-ақ пітір садақасын бере алады. Бұған дейін халақ мешітке әкеліп беретін, ал мешіт мұқтаж жандарға тарататын. Қазір еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мешіттер жабық. Сондықтан онлайн жүйесі іске қосылды.

 

– Негізі пітір садақа кімдерге берілу керек?

 

– Ең бірінші, қажет болған жағдайда бауырларына, туысқанына, көршілеріне беру керек. Одан кейін барып өзге де мұқтаж жандарға беруге болады. Сонымен қатар ата-анасына, әйеліне, баласына пітір садақа берілмейді. Себебі, ата-анасын, әйелін, бала-шағасын асырау, бағу – міндет.

 

– Бұл садақаны қай уақытқа дейін беру керек?

 

– Рамазан айының алғашқы күнінен бастап, айт намазына дейін берілу керек. Сонда ол пітір садақа болып есептеледі. Ал, егер айт намазынан кейін беретін болса ол жәй садақа болып саналады.

 

– Ал пітір садақаны қайтқан кісінің атынан да беруге болады ма?

 

– Жоқ. Бұл тек тірі пенделер үшін берілетін садақа.

 

baq.kz/




Көрілген: 523    Пікірлер: 0

жұма, 24.04.2020, 16:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Мамыр, 09:51
    ШАЙТАННЫҢ ДОСЫ КІМ?
    2 Мамыр, 12:07
    АДАМ АТАНЫҢ АМАНАТЫ
    22 Сәуір, 21:20
    ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ
    22 Сәуір, 09:29
    Оразаның пайдасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30