QazVac вакцинасы Қазақстанда ресми түрде халал деп танылды

03 қазан 2021, 16:53

QazVac қазақстандық вакцинасының сапасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Халал даму" ЖШС сертификатын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Төрағасы – Бас муфтидің орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына "Халал Даму" ЖШС сертификатын табыс етті.

Тіркеу нөмірі 000669, кәсіпорын өнімі – СТ 96090-5-2021 ЖШС Халал дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын жалпы талаптар бойынша сертификатталды. Сертификатқа "Халал Даму" ЖШС директоры А.А. Аташев қол қойған.

Stan.kz