Ислам діні

Рамазан айында білуге тиіс 5 сөз

  • Рамазан айында білуге тиіс 5 сөз

    Рамазан айында білуге тиіс 5 сөз

Сәуірдің 13-і күні барша мұсылман қауым күткен қасиетті Рамазан айы басталмақ. Осы айда діни атауларды біле жүргеніңіз абзал. Бұл атаулар ата-бабаларымыздан келе жатқандықтан, барлығы қазақша қалыптасып, тілімізге сіңісіп кеткен.

1.    Рамазан
Бұл сөз – араб тілінен алынған сөз. Бұл ай ислам күнтізбісінде 9-ай. Бұл айда мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәреден күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады. Рамазан (Рамадан) сөзі «күйдіру, өте ыстық» дегенді, яғни өткен күнәларды күйдіріп, өшіруші деген мағына білдіреді.

 
2.    Ораза
Бұл айда орындалатын ең басты діни амал ауыз бекіту ораза болып саналады. Кейде ауыз бекіту амалын Рамазан деп айтып жатады. Бірақ Рамазан – ай аты, ауыз бекіту парызы — қазақша ораза (арабша саум) деп аталады.

3.    Қадыр түні
Қадыр түні (Ляйлат аль-Қадр) Құранның бірінші аяты Мұхаммед пайғамбарға түскен түн боп саналады. Айдың нақты қай түні екені белгісіз болғанмен, рамазанның соңғы он түнінің бірі болып есептеледі. 

4.    Тарауық
Рамазан айының әр түнінде оқылатын қосымша намазды тарауық деп атайды. Бұл сөзді араб тілінен аударғанда «рахаттану» деген мағына береді. 

5.    Айт мейрамы
Айт мейрамы (арабша: عيد الفطر) рамазан айы аяқталып, келесі айдың басталуын білдіреді.
 




Көрілген: 991    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 14:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ
    22 Сәуір, 19:45
    ОРАЗА ТУРАЛЫ АҢЫЗ
    17 Сәуір, 22:05
    Садақаның пайдасы
    14 Сәуір, 19:55
    ПІТІР САДАҚА ҮКІМІ
    12 Сәуір, 12:55
    ОРАЗАНЫҢ 14 ПАЙДАСЫ
    12 Сәуір, 01:14
    Оразаның 14 пайдасы
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31