Ислам діні

Рамазан айында қызыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар жарияланды

  • https://kk.wikipedia.org/

    https://kk.wikipedia.org/

Рамазан айында қызыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар белгілі болды. Оны бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қызыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар сәл қатаңдау болады.

 

Мешітте намаз оқитын орындарға, ауызашарға қатысты тəртіп:

 

бес уақыт намазды тек жекелеген түрде оқу, яғни жамағатпен оқымау;

 

Намаз оқушылардың ара қашықтығы 2 метр болып арнайы белгіленген орындарда оқу;

 

Намаз оқитын залдарда имамдар жəне намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетпердемен болу;

 

Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын жеткізіп беру арқылы ұйымдастыру;

 

Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер жəне əйел) жəне жас балалар намаздарын үйлерінде оқу.

 

Тарауық намазы оқылмайды.

 

Намаз оқып болған соң мүмкіндігінше мешіттен тезірек шығу керек», - деді наиб мүфти Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

 

Оның атап өтуінше, бұл талаптар жергілікті бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгеріп отырады.

 

«Бұл талаптар сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау мақсатында жасалды. Сондықтан ҚМДБ бекіткен талаптарға түсіністік танытып, оларды орындауға шақырамыз», - деді Ершат қажы Оңғар.

 

 




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 17:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ
    22 Сәуір, 19:45
    ОРАЗА ТУРАЛЫ АҢЫЗ
    17 Сәуір, 22:05
    Садақаның пайдасы
    14 Сәуір, 19:55
    ПІТІР САДАҚА ҮКІМІ
    12 Сәуір, 12:55
    ОРАЗАНЫҢ 14 ПАЙДАСЫ
    12 Сәуір, 01:14
    Оразаның 14 пайдасы
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31