Рамазан айында пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық ауыр міндет жүктеліп, қасиетті Құран түсумен қатар, көптеген маңызды істер жүзеге асқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Солардың кейбіреулерін кесте түрінде көрсетер болсақ, олар:
Рамазан айы – қасиетті Құран түскен ай, Рамазан оразасын ұстау – парыз, пітір садақасын беру – уәжіп болған ай, мұсылмандардың өзара бауырмалдығы артып, бірлігі беки түскен ай.
Сондай-ақ, Құран үкімдерін өмірлік бағыты ете отырып, ораза ұстау арқылы рухани кемелденген мұсылманның жетістігі – бірлік пен бауырластық болмақ.
Бірлік болған жерде екі дүние жақсылығы қатар келмек.
Дана халқымыздың, «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген мәтелінің сыры да сол болса керек.