Ислам діні

Сахабаларды таң қылған жәннаттық адам кім?

  • http://muslim.kz/

    http://muslim.kz/

Әнәс ибн Малик (р.а.) әңгімелеуде:

«Бір күні Пайғамбарымыздың құзырында отырған болатынбыз. Кенет ардақты елші: «Қазір араларыңызға жәннаттық бір кісі келеді», – деді. Сол-ақ екен ансардан бір адам ішке енді. Әлгі адамның сақалынан су тамшылап тұрған болатын. Аяқ киімін сол қолына ұстаған екен. Келесі күні Алла елшісі осы сөзін тағы да қайталады. Әлгі адам дәл кешегі кейіпте тағы да арамызға келіп қосылды. Үшінші күні де айтып ауыз жиғанша, сол кісінің төбесі көрінді.

 

Үшінші күні мешіттегі жамағат тарағанда, сахаба Абдулла ибн Амр ибн Ас (р.а.) әлгі кісіге жолығып: «Мен әкеммен жанжалдасып қалып, үш күн бойы жанына бармайтындығыма ант еттім. Сол себепті мені үш күн үйіңде қонақ ете аласың ба?», – деді. Әлгі кісі мақұлдаған кейіп танытты.

 

Абдулла осыдан кейінгі жайтты былай деп баяндаған:

 

«Әлгі кісінің үйінде үш күн түнедім. Түнгі уақыттарда бір рет те болсын тәхәжжуд намазына тұрған жоқ. Таң намазына дейін ұйықтайтын. Тек төсегінде ары-бері аунағанда ғана Алланы еске алып, тәкбір айтып қоятын. Бірақ аузынан жаман сөз шыққанын естімедім. Үш түн біткесін: «Әкеммен арамда қандай да бір реніш жоқ болатын, Алла елшісі мәжілісте үш күн бойы «қазір жәннаттық бір кісіні көресіздер» деген сайын арамызға сен келіп қосылдың. Мен саған әдейі қонақ болып, жасаған амалдарыңды көріп, сол амалдарды жасағым келген еді. Шынын айтсам, соншалықты көп ғибадат жасағаныңды байқамадым. Алла елшісі сүйіншілеген бұл мәртебеге қалай жеттің?» – деп сұрадым. Ол болса: «Өзің көргеннен басқа құлшылығым жоқ», – деп жауап қатты. Сөйтіп қоштасып бұрылып кете бергенде сәл кідірді де: «Расын айтсам, көргендеріңнен артық асып бара жатқан ешқандай ғибадатым жоқ. Дегенмен, жүрегімде ешбір мұсылманды көре алмау ниеті болған емес. Өмір бойы ешкімге кек сақтамадым, қызғанбадым да», – деді. Мен сонда ғана істің мәнін аңғарып: «Сірә, сені әлгіндей мәртебеге жеткізген осы қасиетің болар», – дедім».

 

muslim.kz




Көрілген: 1757    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.08.2020, 16:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31