Ислам діні

Сәресі ішпегендер нендей нығметтен құр қалады?

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Кейде «Сәресін ішпей-ақ ораза тұтып кете берсек бола ма?» деген сауалдар қойылады. Басқаша айтқанда, ауызашар кезінде ішілген ас-ауқатпен ертесі күнгі оразаны жалғастырып кету қалай болады?

 

Бұл, әрине, пенденің еркіндегі шаруа. Оразада таңнан кешке дейін белгілі бір әдеттерден тыйылсаңыз, оразаңыз – ораза. Алайда қазір сәресі ішпеу арқылы нендей нығметтерден құр қалатынымызды айта кетейік. Сәресі ішудің пайдасы мен артықшылықтары туралы өте көп хадис бар. Бірақ біз біреуін ғана келтірейік.

 

Әбу Сағид әл-Құдриден жеткен хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Сәресі деген толығымен береке. Оны тастамаңдар. Тым болмаса қайсыбірің бір жұтым су жұтып алса да. Өйткені, шын мәнінде, Алла Тағала да, періштелер де сәресі ішушілерге салауат жолдайды» (Бұл хадис Ибн Хиббанның «Сахихында», сондай-ақ имам Ахмадтың «Мүснадында» келген.).

 

Міне, бұл хадисте үлкен сүйінші хабарлар бар. Біріншіден, сәресінің бір бөлігі ғана емес, толығымен берекеден тұрады дейді. Бұл жерде тек ішіліп, желінетін ас-су ғана емес, сол уақыттағы рухани аура да есепке алынып тұр. Мәселен, осы уақытта пенде тән құмарлығынан, басқа да шаһуат талаптарынан ада күйде болады. Жүрегі тазару, арылу процесінде болады. Адамның рухани қуаты тәннің қуатынан басым тұрады. Әр құл бұл уақытта жан жүрегімен Раббысына барынша жақын болады. Міне, сол жағдайда сәресі ішіліп жатқан жерге Жаратқанның ырыс-берекесі төгіледі.

 

Екіншіден, хадисте айтылғандай, бұл кезде сәресі ішушілерге Алла Тағала мен періштелер салауат жолдайды. Мұсылман ғұламалары Алланың салауаты – Оның рақым-мейірімі, ал періштелердің салауаты – олардың Алладан кешірім тілеуі деп түсіндірген.

 

Көрдіңіз бе, сәресінде қандай ұлы нығметтер жатыр. Енді осыдан саналы түрде бас тарту, қашу ақылды адамның ісі ме? Алла Тағала мол нығметтерінен құр қалдырмасын.

 

 

Асылбек Әуезханұлы
asylsoz.kz
 




Көрілген: 1638    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.04.2020, 12:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Мамыр, 09:51
    ШАЙТАННЫҢ ДОСЫ КІМ?
    2 Мамыр, 12:07
    АДАМ АТАНЫҢ АМАНАТЫ
    22 Сәуір, 21:20
    ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ
    22 Сәуір, 09:29
    Оразаның пайдасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30