Ислам діні

Себепсіз ажырасу күнә ма?

  • Себепсіз ажырасу күнә ма?

    Себепсіз ажырасу күнә ма?

 Сұрақ: Себепсіз ажырасу күнә ма?


Жауап: Исламда ажырасу «талақ» деп аталады. Талақтың тілдік мағынасы; жіберу, бос қою. Ал шариғаттағы мағынасы: «Ол – арнайы сөздермен некелік одақты бұзатын шариғи үкімді білдіреді»[1]. Шариғатымызда талақ беру құқығы ер кісіге берілген[2].


Талақ – шариғатта рұқсат етілген[3]. Яғни, ерлі-зайыптылардың арасында дау-дамай туып, татуласуға мүмкіндік болмаса ажырасуға жол беріледі. Бірақ, өте зәру жағдай болмаса, мүмін адамның талаққа жүгінуі дұрыс емес. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): أَبْغَضُ الْحَلالِ إِلَى الله تَعَالَى الطَّلاقُ «Алла Тағала халал еткен нарселерінің ішіндегі ең жек көретіні – ол талақ»[4], - деген. Тағы бір хадисінде: لعن الله كل ذواق، مطلاق «Үйленіп, өзінің құмарын қандырғаннан кейін «талақ» берген адамға Алланың лағынеті болсын» - десе, келесі хадисте: أيما امرأة سألت الطلاق من غير ما بأس لم ترح رائحة الجنة «Қандай да бір әйел ешқандай себепсіз немесе қажетсіз ерінен талақ сұрайтын болса, ол әйелге жәннаттың иісі харам болады»[5], - дейді. Жоғарыда келген хадистер себепсіз талақ беру күнә екенін айқындайды. Сондықтан ерлі-зайыптылар нақты бір себеп болмаса, айрандай ұйыған отбасының ойранын шығармауға барынша күш-жігерлерін салулары керек. 


muftyat.kz




Көрілген: 830    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 13:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30