Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Шариғат бойынша пара беруге болады" - Қабылбек имам

29 желтоқсан 2022, 18:46

Белгілі имам Қабылбек Әліпбайұлы шариғат бойынша қандай жағдайда пара беруге болатынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аdyrna.kz-ке сілтеме жасап.

"Пара беруге болатын бір-ақ орын бар.Өзің адал еңбегіңмен мамандығың бойынша жұмыс істеп жатырсың. Бірақ сол кәсіптің басшысы пара сұрайды. Егер сен оны бермесең "Сен айып етпе, бауырым. Бір кісі келді. Орныңды босатасың онда. Осыны бересің" дейді. Шариғат сол кезде осыған ғана рұқсат етеді. Өз орныңды сақтап қалуың үшін пара беруге болады. Отбасымызды бағу біздің міндетіміз ғой. Жұмыс істеу керек. Әйел, бала-шағаны бағу керек. Бірақ пара берген кезде біз мұқтаждықпен береміз. Бергісі келіп тұрған жоқ. Оның ақшасын үстемділікпен алып жатыр. Шариғат осы жерде ғана рұқсат етеді. Адам осындай тығырыққа тірелген кезде бере бер бауырым. Сен күнәһар емессің. Күнәһар кім болады? Анау адам болады", - дейді Қабылбек имам.