ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?

ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?

«Шариғат» сөзі кейінгі кезде, әсіресе, қол мен басты шабатын қатал заңдар жиынына қатысты жиі қолдануда. Негізінде, бұл ұғым шынайылықтан көш алыс жатыр.Турасын айтқанда, араб тілінен аударылғанда «шариғат» сөзі «су көзіне апаратын даңғыл жол» деген мағынаны білдіреді, ал термин ретінде Ислам дінін өмір салты тұрғысынан сипаттауға қолданылады.

Су – өмірдің қайнар көзі болып табылатыны сияқты, Ислам да – руханият игілігінің қайнар көзі болып табылады. Ендеше, шариғат– заңдар жиынтығы, яғни, бұл дүние толыққандылығына және келешек өмір табысына жол ашатын даңғыл жол.

Бұл адамзатқа пайдасын тигізіп, оны қорғайтын Алла Тағаланың ережелері, қағидалары мен ұйғарымдары. Расында, шариғатта қылмыстық кодекс пен құқық жүйесі бар, бірақ бұл тек бір жағы ғана. Өйткені шариғат нақты моральдық, этикалық, әлеуметтік және саяси мінез-құлық ережелерін де қамтиды. Ол әрбір адамға Алла Тағаламен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ал Оның заңдары адамдарға зұлымдықты жақсылықпен жеңуіне қажетті басшылық бола алады.

Шариғат мүмін өмірінің екі негізгі саласына қатысы бар. Олар: фәни дүние мен құлшылық. Екі жағдайда да Ислам ғалымдары бірауыздан мейірімділіктің басым қағида болып табылатындығын айтқан. Қасиетті Құранда Алла Тағала Өзінің Пайғамбары (ﷺ) туралы былай айтқан:

«(Мұхаммед Ғ.С.) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік» (21:107).

Абдулла ибн Амр Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

«Қайырымды адамдарды Алла да Өз мейіріміне бөлейді! Жер бетіндегілерге мейірімді болыңдар, сонда көктегі Алла да сендерге рақымды болады!» (Ахмад, ат-Тирмизи, әл-Хаким).

Шариғаттың негізі Құран мен Сүннетте жатыр. Құран негізгі қағидаларды берсе, Сүннет – егжей-тегейін түсіндіреді. Мысалы, Құранда намаздың маңыздылығы айтылса, оның қалай оқылатынын түсіну үшін біз Сүннетке жүгінеміз. Сондай-ақ, Шариғатта ғалымдардың пікірі, заңдық үйлестілік пен түсіндірме бар. Осының арқасында мәдени және әлеуметтік жағдайлар да ескеріліп отырады.

Отабсылық құқық шариғаттың бір бөлігі болып табылады және үйлену, ажырасу, балаларады асырап алу, мұраны бөлуді қарастырады. Жалпы құқықтың сатып алу мен сатуға, келісім-шарттарға отыру және басқа да қаржы мәмілелеріне қатысы бар. Ал қылмыстық құқық тонау, өлтіру, зина, зорлау және жала жабуды қарастырады.

Барлық ғалымдар мойындағандай, шариғат адам құқығын қорғаудың бес саласын қамтиды. Олар: сенім, өмір, отбасы, ақыл-парасат, мүлік. Ғалымдардың бірінің айтуынша, шариғат даналық пен адам құқығын қорғауға негізделген:

· Сенім. Алла Тағала дін мен құлшылықты міндет еткен. Жаратушы Исламды Өзіне ұнамды дін етіп жаратқандықтан шариғаттың бірінші кезектегі міндеті Алла Тағаланың құқығын сақтау болып табылады. Сондай-ақ, шариғатта дінді ұстану мен оны насихаттауға қатысты ережелер мен қағидалар бар.

· Өмір. Шариғат адам өмірін қорғауы тиіс, өйткені өмір Алла Тағаланың берген қасиетті сыйларының бірі. Қасиетті Құранда былай айтылған: «...Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық...» (5:32).

· Отбасы. Үйлену шариғатпен заңдастырылған, ал некеден тыс жыныстық қатынасқа – тыйым салынған. Әрбір бала қауіпсіз отбасында өсіп-тәрбиеленуге құқылы, сондықтан жетімдерге қамқорлық таныту мен оларды қамтамасыз ету шариғаттың маңызды бөлігі болып табылады.

· Ақыл-парасат. Исламда ақыл-парасат пен білім алуға талпыну көтермеленеді, ал оны әлсірететін нәрселердің бәріне, соның ішінде, есірткі мен ішімдікке тыйым салынған. Ақыл-парасаттың дамуы тек адамның өзіне ғана пайда әкеліп қоймайды, сондай-ақ, адам өмір сүріп жатқан қоғамға да пайдасын тигізеді, сол себепті шариғат ерлер мен қыз-келіншектердің білім алуына түрткі болады.

· Мүлік. Мүлікке ие болуға және оны қорғауға адамдардың құқы бар. Мүлікті тонауға немесе оны бүлдіруге әрі өсімқорлыққа тыйым салынған, мәмілелер келісімшарттар негізінде жасалады. Сауда мен кәсіп жасауда шариғат заңдары әділдік пен адалдық жағында тұрады. Ал міндеттелген салық, яғни, зекет төлеу арқылы күнелтуге керек қаржы мұқтаж жандарға да жетіп жатады.

Шариғаттың хақ жолымен жүру арқылы адам осы дүниеде және ақиретте табысқа жетеді. Бұл жөнінде Алла Тағала Құранда былай деген: «Сосын (Мұхаммед Ғ.С.) сені шариғат ісіне қойдық. Енді сонымен жүр. Білмегендердің ойларына ілеспе» (45:18).

Шариғат мейірімділік, әділдік, даналық пен тақуалық қағидаларына негізделіп құрылған. Ол Құран мен Сүннеттен жеткен моральдық және этикалық мақсаттарды ұстанады. Дұшпандық, зұлымдық, ақылға қонбайтын әрі әділетсіздікке негізделген кез-келген доктриналар мен шешімдерді жүз жерден ислам құқығына қосса да бәрібір ол шариғаттық болып табылмайды.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста