Шариғатқа сай тәжірибе Қазақстанда да қолданылатын болды (фото)

31 шілде 2021, 18:32

Еліміздегі пойыздарда тек әйелдерге арналған купелер пайда болады. Бұл жайында «Жолаушыларды тасымалдау» акционерлік қоғамының бас директоры Петер Штурм "Магистраль Life» бағдарламасында құлағдар етті.

 

Бұдан бөлек, көрші елде, дәлірегі, Ресей православ шіркеуі таяуда бастама ретінде көтерілген ислам елдеріндегі тәжірибенің ел аумағында жүзеге асырылуын қолдап отыр.

 

Дәлірегі, әйелдердің қоғамдық көліктерде ерлерден бөлек вагоны болғанын қалайды.

 

Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Әуел баста шариғатқа негіздлген мұндай тәжірибе Саудия, Мысыр бастаған араб елдері мен Ираннан бөлек Бразилия, Жапония, Үндістан секілді мұсылман емес елдерде де қолданысқа енгізілген. Әйелдердің ар-намысын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. Аталмыш тәжірибені енді Ресей аумағында да қолданып көру мүмкіндігі туып отыр.

 

Десе де бұл бастамаға православ шіркеуі қолдау білдіргенімен зайырлы қоғам құндылығын алға тартқан секуляристер наразылық білдіріп отыр.

 

1.      Жапониядағы әйелдерге арналған вагон

 

 

2. Үндістандағы әйелдерге арналған вагон

 

 

3. Мұсылман елдеріндегі әйелдерге арналған вагон