Ислам діні

Шариғаттан аттаған әйелдерді жазалайтын әйелдер жасағы құрылды

  • http://islam.kz/

    http://islam.kz/

Индонезияда әйелдердің құқығы кеңейіп келеді. Әлбетте, батыстық өмір сүру салтын алға тартатын феминистер мен либералдар ойлағандай әйелдер еркіндігінің тар түсінігінде емес – әйелдерге де қоғамдық істерге араласуына кең мүмкіндік беріліп отыр.

 

Аталған елдің мұсылмандар тығыз шоғырланған Ачех провинциясында алғашқы әйелдер жасағы құрылды – шариғат талаптарын бұзған әйелдерді жазалайтын. Сегіз адамнан тұратын аталмыш жасақ, тіпті, қонақ үйде бөгде еркекпен ұсталған басы бос әйелді жазалап та үлгерді. Бұл жайында AFP ақпарат көзі хабар таратты.

 

Біз сөз етіп отырған Ачех провинциясы Индонезиядағы шариғи жаза қолданылатын бірден-бір жалғыз аймақ. Ішімдік ішкендерді, зина жасағандарды, бір жыныстылар қатынасына барғандарды ел көзінше дүрелейді.

 

Соңғы уақытта аталған провинцияда шариғат талаптарын бұзатын әйелдер қарасы көбейген. Сол себепті, оларды жазалайтын әйелдер жасағы құрылды.

 

Бірыңғай әйелдерден тұратын жазалаушылар жасағын құру үшін бір жылдай уақыт кеткен. Олар арнайы жаттығудан өткен. Сондай-ақ, дүрелеудің қыр-сырына дағдыланды.

 

Десе де Индонезияның құқық қорғау ұйымдары мен аталған ел президенті Джоко Видодо Ачех провинциясындағы шариғат жолымен жазалауды құп көрмей отыр. Алайда, 2005 жылдан бері автономияға ие болған Ачех провинциясына билігі жүре бермейді.

 

islam.kz 




Көрілген: 1613    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.02.2020, 11:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Сәуір, 23:42
    ҰМЫТПА !
    1 Сәуір, 06:40
    СИҚЫР (ДУА) ҮКІМІ
    20 Наурыз, 10:36
    АЖАЛ
    18 Наурыз, 09:59
    Аса қауіпті түн!
    13 Наурыз, 16:51
    ҮШ ТҮРЛІ ЖҮРЕК
    25 Ақпан, 09:26
    ОҢ ЖАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
    20 Ақпан, 11:40
    НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30