Ислам діні

ШЕКТЕН ТЫС КҮЛКІНІҢ ЗИЯНЫ

  • ШЕКТЕН ТЫС КҮЛКІНІҢ ЗИЯНЫ

    ШЕКТЕН ТЫС КҮЛКІНІҢ ЗИЯНЫ

Ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінің бірінде: «Шектен тыс көп күлмеңдер, расында, көп күлкі жүректі өлтіреді»,- деген. (Бұхари, Адаб әл-Муфрад; Сунан Тирмизи; Сунан ибн Мәжа; Муснад Ахмад)

Бұл хадистің өзге бір нұсқаларында былай деп жалғасады: «...расында, көп күлкі жүректі өлтіріп, жүзден нұрды тайдырады», «шындығында шектен тыс күлкі жүректі бұзады». (Байхақи, Шуаб әл-иман)

Жоғарыда келтірілген хадистің соңғы нұсқасындағы «жүректі өлтіреді» сөзінің мағынасы рухани дертті білдіреді. Имам Мубаракфури өзінің «Суннан әт-Тирмизиге» жазған түсіндірме еңбегінде: «Шындығында, шектен шыққан көп күлкі жүректі өлтіреді, яғни оны қараңғылық түнегімен орап алады да, жүрек өлген адамның жүрегіндей жақсы дүниені пайдалана алмай, жамандықтан қорғана алмайтын халге түседі. Негізінде бұл хадис көлемі жағынан қысқа, ал мағынасы терең хадистер қатарына жатады (жәуәми әл-кәлим) (Тухфат әл-ахуази)

Есте болатын жайт, шектен тыс күлкі мен сауық дүниеге деген құштарлықты ұлғайтады. Ал, негізінде, жайдары жүру және орынды әзіл әз пайғамбардың сүннеті.

Ол кісінің әзілдескенді жақсы көргенін хадистерден аңғарамыз, алайда шектен тыс күлкі мен сауыққа құштарлықты ұнатпаған. Ғалымдар пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әзілдерін айналасындағыларды қуанту үшін, оларды жігерлендіру үшін айтқандығын әрі жалған сөздерді араластырмағандығын айтады.

Мүміндердің анасы Айша анамыздан (ол кісіге Алла разы болсын) пайғамбарымыз отбасында қандай еді деп сұраған кезде:

«Үнемі күлімдеп көңілді жүретін, әлемдегі ең мейірімді әрі жұмсақ жан еді»,- деп жауап берген. (Муснад ибн Рахауайх)

Күлімдеу мен көтеріңкі көңіл-күйде жүру – сүннет болып табылады, оны тіпті Раббымызға ұнамды амал- садақамен теңеп жатады. Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бауырыңды күлімдеп қарсы алу секілді аз бола да құптауға тұрарлық амалдарға немқұрайлылық танытпаңдар»,- деген. (Сахих Муслим)

Пайғамбарымыз үнемі көңілді жүретін ақкөңіл адам болғаны көптеген риуаяттардан жеткен, бірақ әзілдескенде еш уақытта шектен шықпаған. (Байхақи, Далаил әл-Нубууә)

Кей кездері сахабалар жиналып надандық дәуірдегі жағдайларды естеріне алып күліскен кезде, әз елші үнсіз жымиып қана отыратын деседі. (Сахих Муслим)

Әзілдесу және көтеріңкі көңіл-күй

Әзілдесу мен көңілді жүрудің денсаулыққа берер пайдасы -  күйзеліс тудырушы гармондарды төмендетіп, эндорфиндерді ұлғайтады, адамның иммундық жүйесі күшейеді. Сол себепті де пайғамбарымыз біздерді көңілді, ашық-жарқын болып, салмақты әрі орынды әзіл айтуға үйретеді.

Яғни, денсаулыққа пайдалы дүниелерге ардақты елшінің сүннетін ұстану арқылы қол жеткізуге болады, ол дегеніміз, қалжың мен әзілде жақсы ниетте болу, орынды болуы, шектен шығып, әдепсіздік танытпау, әйтпесе күнәға апарып соғуы мүмкін.

Ардақты пайғамбарымыздыңﷺәзілдері

Бірде бір кісі пайғамбарымыздан (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түйе сұрайды, сонда Алла елшісі: «Мен саған түйенің баласын берейін,- дейді қалжыңдап. Сонда әлгі адам: «Ботаны алып не істеймін?»,- дейді. Сол кезде әз елші: «Әрбір түйе бір түйенің баласы емес пе?»,- деген екен. (Сунан Әбу Дәуіт, Сунан әт-Тирмизи, Муснад Ахмад)

Алла елшісі өзінің қызметшісі Әнасты «Екі құлақ иесі» деп атаған екен. (Сунан Әбу Дәуіт, Сунан Тирмизи).

Бірде пайғамбарымызға қарт ана келіп жәннаттақ болуына дұға жасауын сұрайды. Сонда пайғамбарымыз оған жәннатта кәрі әйелдердің болмайтынын айтады. Мұны естіген қарт кісі жылап кетіп бара жатқанда әз елші сахабаларына: «Әжеге жәннатта кәрілік деген болмайды, ол жерге жас қалпында енетенін жекізіңдер»,- дейді. Шындығында, Алла Тағала: «Оларды қыз кездеріндегі пәк қалпына қайта түсіреміз. Олар жұбайларын құлай сүйетін әрі жас жағынан да түйедей құрдас болады»,- деген. («Уақиға» сүресі, 36-37- аяттар; Тирмизи)

Бірде пайғамбарымызға Умм Айман есімді әйел келеді де: «Күйеуім сені қонаққа шақырып жатыр»,- дейді. Сонда ол: «Ол кім еді? Көзінде ағы бар кісі ме?»,- деп сұрайды. Сонда әлгі әйел: «Уа, Алланың елшісі! Не айтып тұрсыз, оның көзінде ақ жоқ»,- дейді. Пайғамбар: «Жоқ, ағы бар»,- дейді. Умм Айман сонда: «Алламен ант етейін, көзінде ақ жоқ»,- дегенде әз елші: «Барлық адамның көзінде ағы мен қарасы бар ғой»,- деген екен. (Ибн Баккар)

Сөзімізді қорыта айтар болсақ, рұқсат етілген әзіл- қалжыңдар орнымен болып жатса, ешқандай әбестігі жоқ, қалжыңсүйгіштік қасиет сүйікті пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) да бойынан табылған. Ең бастысы, әзіліміздің астында жақынымызды Алла разылығы үшін қуантып, күлкі сыйлау ниеті жатса болғаны.

Жақсы ниет орынды әрі салмақты болар болса, адамдардың жүрегінен де орын алып, нағыз сүннетке сай амал болмақ. Дей тұрғанмен, әзіл-қалжыңның да шегін білген дұрыс, шектен тыс күлкі мен ыржақайлық, әдепсіздік жүректі ластап, бейғамдыққа салындырады, нәтижесінде рухани құлдырау мен аштық орын алады.

Алла тағала баршамызға бейғамдықтан, бос күлкі мен амалдардан тиылуға күш-қуат, ерік-жігер берсін! Әмин!

 mazhab.kz




Көрілген: 1321    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 01:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Шілде, 19:20
    Пасық адам, ол кім?!
    1 Шілде, 18:39
    ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ТӘУБА
    29 Маусым, 18:48
    МАҢЫЗДЫ БЕС НӘРСЕ
    26 Маусым, 08:54
    АДЫРАСПАН ХИКАЯСЫ
    25 Маусым, 13:53
    БАЛШЫҒА БАРУ КҮНӘ МА?
    22 Маусым, 18:38
    БІР АУЫЗ СӨЗДІҢ КҮШІ
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31