Ислам діні

Ішкілік ішуді балгер қойдыра ала ма?

  • Ішкілік ішуді балгер қойдыра ала ма?

    Ішкілік ішуді балгер қойдыра ала ма?

 Сұрақ: – Ағам арақ ішеді және соңына түсіп кеткен. Ешқандай сөз өтпейді, санасына жетпейді. Жақында жеңгем бір құрбысының күйеуі арақты ішуін қойғанын, оған себеп емшінің Құранмен оқытып бір түймедей бірдеңені оның шайына қосып бергені екен. Емші адамның суретіне қарап отырып оның немен ауыратынын, арақты қойып кете алу мүмкіндігінің бар-жоғын да айтатын көрінеді. Осындай кісілерге баруға бола ма? Оның емші екенін әлде, балшы-балгер екенін түсіне алмай отырмын.


Жауап: – Жалпы Алла қандай да бір дерт берсе, міндетті түрде оның емін де береді. Біздің міндетіміз сол емді тынбай іздеу. Арақ қойдыруға байланысты медицинада бірнеше әдіс қалыптасқан. Мәселен, арнайы дәрілер бар. Сахаба Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Алла қандай да бір дерт берсе міндетті түрде оның емін де береді» деген хадисін жеткізеді[1]. Ал сіздің сөзіңізді саралай отырып, ол емшінің балшы-балгер екендігін айтуға болады. Сондықтан ондай адамға баруға шариғи тұрғыдан болмайды. Өйткені ол ғайып бір істі болжап отыр. Ал Қасиетті Құран аяттары мен хадистерде ғайып істер жайлы болжам жасаудың үлкен күнә екендігі ескертілген. «Алла Тағала былай дейді: «(Уа, Мұхаммед, Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Алладан өзге көктер мен жердегілердің ешбірі ғайыпты білмейді. Олар өздерінің қашан тірілетіндерін де сезбейді деп айт»[2]. Абдулла ибн Масғұдтан (Алла оған разы болсын) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім балгерге не бақсыға барып, оның айтқанын растаса, ол Мұхаммедке (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) түсірілгенге (Ислам дініне) күпірлік келтіреді», - деп ескерткен.


fatua.kz




Көрілген: 1441    Пікірлер: 0

сенбі, 21.09.2019, 14:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31