Шоқыну мерекесінде «Аллаһу Акбар» деп суға түссе бола ма

Шоқыну мерекесінде «Аллаһу Акбар» деп суға түссе бола ма

Жыл сайын қаңтар айының ортасынан бастап қоғамда христиандардың шоқыну мерекесі қарсаңында суық суға түсу мәселесі қызу талқылана бастайды. Қазір  бұл мерекеде орыстардан қарағанда «шоқынған суға» түсіп жатқан қазақтарды көру үйреншікті жағдайға айналып бара жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Десе де әр ұлттың, діннің өзіндік ерекшеліктері болады. Оны елемей, қаншама қара көзді бауырларымыз қақаған қыста тазарамыз деп шомылып жүр. Осы мәселеге байланысты дін саласындағы мамандар өз пікірлерін білдірді.

 

Еліміздегі белгілі дінтанушы Балғабек Мырзаев мұсылман  азаматтардың осы күні суға түсуі қаншалықты орынды деген сауалға жауап берді.

 

– Негізінде «Крещение» – христиандардың діни мерекесі. Сондықтан христиан дінін ұстанушылар үшін өздерінің діни мерекесін атап өтулері әдеттегі жағдай. Осы күнді мұсылман бауырларымыздың ішінен діни мереке емес, жай ғана суға шомылу деп түсінеді. Әрине, Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет және әркімнің дін ұстанымына еркіндік берілген. Елімізде тіркелген барлық діни бірлестіктерге діни наным сенімдерін орындауларына заңнамамен реттелген құқықтар мен еркіндіктер берілген. Оған ешкімнің дауы жоқ. Мәселен «Аллаһу Акбар» деп шоқынып алып, суға секіріп жатқандар да бар. Өз басым бұны дінді ойыншыққа айналдыру деп санаймын. Дін –  өте нәзік сезім және оны ойынға айналдыруға болмайды, – дейді дінтанушы.

 

ҚМДБ-ның «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов ислам діні басқа дінге, басқ ұлтқа құрметпен қарауға бұйырады дейді. Бірақ бұл солардың діни рәсімдеріне қатысуға болады, солармен бірге қосылып құлшылықты атқаруға рұқсат етілді деген мағынаны білдірмейтінін айтады.

 

– Жыл сайын қаңтар айының ішінде шоқыну немесе суға түсу рәсімі өткізіледі. Бұл сенім бойынша аталған күн қасиетті болып саналады. Христиан дін өкілі келіп, арнайы өзінің діни рәсімін жасайды. Содан кейін көлдегі немесе өзендегі су ерекше емдік қасиетке ие болады. Тіпті сол суға түскен адам тазарады және оның күнәсі кешіріледі» дейді.

 

Бізге де осы мәселе бойынша «Мұсылман адамның осындай іс-шараларға, рәсімдерге қатысуына бола ма?» деген көптеген сұрақтар келіп жатыр. Мұсылмандар қай заманда болсын басқа дін өкілдеріне құрметпен қараған және олардың діни рәсімдерін, құлшылықтарын орындауларына ешқандай кедергі жасамаған.

 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім қайбір қауымға ұқсаса, ол сол қауымнан» деген. Міне, сондықтан мұсылман адамның ондай іс-шараларға қатыспағаны дұрыс.

 

Кейбір адамдар «Бұл діни рәсімге менің ешқандай қатысым жоқ. Мен бұл жерге тек денсаулығымды жақсарту ниетімен барамын» дейді. Әрине, ислам діні әрбір адамға денсаулығына қарауға және емделуге бұйырады. Бірақ мұндай іс-шараға дәл осы күні емес, басқа күні барғаны дұрыс. Алла Тағала баршамызды тура жолға бастасын имамымызды кәміл етсін, – Хасан Аманқұл.

 

Бұған қатысты дінтанушы Балғабек Мырзаев та еліміздің әрбір азаматы ресми тіркелген барлық діни бірлестіктердің діни мерекелерімен құттықтағандары дұрыс екендігін, бірақ олардың діни рәсімдерін орындауларын құптамайтынын айтты.

 

–  Себебі мұсылман дінінде адал болған нәрселер басқа діндерде арам болуы немесе басқа діндерде тыйым салынбаған нәрселер мұсылмандарға рұқсат етілмеген болуы мүмкін. Сондай-ақ қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі бар. Осы салт-дәстүрімізде де ұрпақтың тектілігін сақтап қалу үшін қойылған тыйымдар мен шектеулер көп. Ата-бабаларымыздан бізге аманат болып қалған салт-дәстүрімізді аяқ асты ете беретін болсақ, бұл да біздің болашақта ұлт болып сақталып қалуымызға зияны тиіп кетпесіне кім кепіл. Сондықтан діни мерекелерге қатысып, жораларын  орындаудан бұрын жеті рет өлшеп, бір мәрте кескен орынды болады, – дейді дінтанушы.

 

Әр ұлттың, діннің, ділдің өзіндік құндылықтары болады. Сондағы діни мерекелердің ішкі мазмұны мен аталып өтілуіне ерекше мән берген жөн.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста