Ислам діні

Сирияда бірнеше қазақстандықты өлім жазасына кесті – ҰҚК

  • Сирияда бірнеше қазақстандықты өлім жазасына кесті – ҰҚК

    Сирияда бірнеше қазақстандықты өлім жазасына кесті – ҰҚК

Рахымбердиев ұрыс алаңдарында ешқандай әділдік жоқ екенін, ол жақта мұсылман мұсылманның қанын төгіп жатқанын айтты


Сирияда бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.


Оның айтуынша, шетелдік алдап-арбаушылар біздің азаматтарымызды Интернет арқылы тарта бастаған.




"Көбісі қайтыс болды" Назарбаев маңызды мәлімдеме жасады – видео

"Бұл насихат әлеуметтік желілерде жүргізілді. Олар ондағы жұмақ өмір жайлы баяндайды. Адамдарды онда бәрі әділетті, барлық діни қағидалар сақталады деп қызықтырған ", — деді Рахымбердиев.


Ол қазір ұрыс алаңдарында – Сирия, Ирак және Ауғанстанда 380-ге тарта қазақстандық бар екенін атап өтті.


"Көбісі – әйелдер, олармен бірге 400-500 бала тұрып жатыр. Олар онда жағдай мүлде олай емес екеніне көз жеткізді, ешқандай әділдік жоқ. Ол жақта мұсылман мұсылманмен, бір топ екіншісімен соғысып жатыр", — деп толықтырды Бақытбек Рахымбердиев.


Департамент басшысының айтуынша, ол жаққа бір барған соң, қайта шығуға мүмкіндік жоқ.


"Ондай қадамға барғаны үшін ажал құшуы да мүмкін. Біздің бірнеше азаматымыз қашқаны үшін өлім жазасына кесілді деген мәлімет бар", — деп түйіндеді Рахымбердиев.

 




Көрілген: 1049    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?
    26 Мамыр, 17:08
    Тағдыр мен қаза
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30