Ислам діні

Сириядан оралған қазақтың өкініші: үшеуміз ғана тірі қалдық

  • Сириядан оралған қазақтың өкініші: үшеуміз ғана тірі қалдық

    Сириядан оралған қазақтың өкініші: үшеуміз ғана тірі қалдық

Осы уақытқа дейін қанды қырғынның ортасынан 595 Қазақстан азаматы елге қайтарылды – 156 әйел мен 406 бала. "Жусан" операциясының арқасында Қазақстанға аман-есен оралған Махамбет Қажипанов Қазақстанда алаңсыз жүрген күндерін сағынышпен еске алады. Ол қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр.


37 жастағы дүр жігіттің өмірі екіге бөлінеді. Біріншісі, "Ислам мемлекеті" ұйымының құрамына дейінгі алаңсыз күндер, екіншісі – Сириядағы соғысқа қатысқан сәті. Тұрақты жұмыс, берекелі отбасы мен жақындарының қолдауы сағымға айналған. Әсіресе, кішкентай қыздарын ойласа өзегі өртенеді, деп хабарлады КТК.


"Оның алдында бір видео қарағанмын, бір сириялық екі қызын үйіндінің астынан суырып алып жылап жатыр. "Мұсылмандар, қайдасыңдар?" деді. Сондай видеоларды қарап, маған ой келді: "Сен осылай жүрсің ғой, ертең Алланың алдына барғанда не айтасың? Сенде бәрі жақсы, мұсылмандар болса қор болып жатыр". Сол ойым маза бермей, 2015 жылы аттанып кеттім. 2016 жылы ол жақта бәрі басқаша екеніне көзім жетті", - дейді жазасын өтеуші.


Махамбат Қажипанов Сириядағы соғысқа қатысуды өзіне мәртебе санағанын айтады. Тіпті сол үшін өмірін қиюға да әзір болатын. Шам жұртындағы шынайы өмірмен бетпе-бет келгенде бәрі тым кеш еді.


"Онда бауырмалдық жоқ. Ол жерде саған ешкімнің жаны ашымайды. Әлгі интернетте видеолардан көргендей емес, мүлдем басқаша. Ол жақта мұнай үшін соғысып жатқанын ұқтым. Қазақстаннан келген бір топ болды. 2017 жылы олардан бас тартып, шығатын жол іздедік", - дейді ол.


Махамбет Орал қалалық сотының шешімімен лаңкестік ұйымның құрамында болғаны үшін 8 жылға сотталған. Темір торға түскен соң мамыражай тірліктің қадірін кеш түсінгенін айтады. "Жасаған қателігім маған өмірлік сабақ болды", - дейді.


"Біз секілді Қазақстан азаматтары көп. Өліп қалды. Жан тапсырды. Өкінішті. Ол жақта көптеген ана баласынан айырылып қалды. Біз аман-есен келдік. Ер адамдардың көбісі өлді. Бізде, Оралдан 50 адам болды. Соның тек үшеуі ғана келдік. Алдымен әке-шешені ойлаңыздар. Білімге ұмтылу керек. Интернеттен оқып алып, жәннатқа кірмейсің, дін деген ондай емес", - деп ағынан жарылды Махамбет Қажипанов.


"Ислам мемлекеті"лаңкестік ұйымының құрамында болған азамат түрмеде отырса да, үмітін үзбейді. Жазасын өтеп шыққан соң қателігін түзеуге ниетті. Бар арманы – отбасы оның қателігін кешіріп, қайтадан қабылдаса болғаны. 




Көрілген: 1098    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 12:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30