Ислам діні

Сириядан оралған шымкенттік балалардың жағдайы қалай?

  • Сириядан оралған шымкенттік балалардың жағдайы қалай?

    Сириядан оралған шымкенттік балалардың жағдайы қалай?

Сахналық қойылым бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй мен зор қуаныш сыйлады.
Сириядан соғыс аймағынан оралған шымкенттік бүлдіршіндер қоғамға бейімделуде. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Жусан» операциясы елге қайтарылған отбасыларды дәстүрлі құндылықтарға баулу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елге оралған Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы мен қоғамдық қорлар, әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталықтары мен ұйымдар осындай жанұялармен кездесулер өткізуде. Дінтанушы және психолог мамандардың қастысуымен бейімдеу орталықтарында оңалтылып жатқан азаматтарға теологиялық әрі психологиялық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Осы тұста қуыршақ және жасөспірімдер театры да елге оралған балалардың жай-күйін назардан тыс қалдырмай, жазушы-драматург М.Байғұттың «Достық мектебі», И.Я.Златопольскийлердің «Ләйлек» қойылымдарын қойды. Қызықты қойылымды қызыға тамашалаған балақайлар түрлі ертегі кейіпкерлерін көріп, көңілді әуенге би биледі. Сахналық қойылым бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй мен зор қуаныш сыйлады.

Театр басшысы Бахтияр Әбілұлы балалармен кездесуде елдің болашағы өскелең екенін атап өтіп, оларды қандай жағдай болмасын, қоғамға бейімдеу, патриотизмге баулу, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыруды басты назарға алып, елге еңбек ету қажеттігін алға тартты. Қойылымнан кейін «Шымкент жақсылық ордасы» еріктілер қоғамы қайырымдылық шарасын өткізіп, «Шымкент – қайырымды қала» бастамасы арқылы күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына қолдау көрсетті.

#Сирия 




Көрілген: 1228    Пікірлер: 0

сенбі, 14.12.2019, 11:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Сәуір, 23:42
    ҰМЫТПА !
    1 Сәуір, 06:40
    СИҚЫР (ДУА) ҮКІМІ
    20 Наурыз, 10:36
    АЖАЛ
    18 Наурыз, 09:59
    Аса қауіпті түн!
    13 Наурыз, 16:51
    ҮШ ТҮРЛІ ЖҮРЕК
    25 Ақпан, 09:26
    ОҢ ЖАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
    20 Ақпан, 11:40
    НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30