Ислам діні

СҮННЕТТІҢ ИСЛАМДАҒЫ МАҢЫЗЫ

  • СҮННЕТТІҢ ИСЛАМДАҒЫ МАҢЫЗЫ

    СҮННЕТТІҢ ИСЛАМДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Барлық үмметім жұмаққа кіреді. Тек қана (жұмақтан) бет бұрғандар кірмейді». «Уа Алланың Расулі! Жұмақты кім қаламайды?» - деп сұрағанда: «Кімде-кім, маған ұйса (кітап пен сүннетті ұстанса) жұмаққа кіреді. Маған қарсы шыққан, жұмаққа кіруді қаламаған болады». («Сахих Бұхари»)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Әлбетте сендерден бірі жастыққа жастанып, менің бұйырғандарымды немесе тыйым салғандарымды естігенде: «Білмеймін. Біз ұйған Алланың кітабында мұндай нәрсе таппадым» деп айтудан сақтаныңдар. Естімейтін болайын». 

Сахаба Имран бин Хусейн (р.а.) шапағат жайында айтып жатқанда қасындағы біреу:

 «Уа, Имран! Сенде көп нәрсе айтасыңдар. Ал біз Құран Кәрімде оған дәлел таппадық» деді.

 Сонда Имран (р.а.) қатты ашуланып:

«Сен Құран Кәрім оқисың ба?» деп сұрады.

 Адам:

«Иә, оқимын» дегенде:

 «Сен Құран Кәрімде құптан намазының (парызының) төрт ракағат екенін, шам намазының (парызының) үш рақағат екенін, таң намазының (парызының) екі ракағат екенін, бесін намазының (парызының) төрт ракағат екенін және екінті намазының (парызының) төрт ракағат екенін таптың ба?» - деп сұрады.

Ол былай деді:

 «Жоқ, таба алмадым» - деп жауап берді. Имран (р.а.):

«Онда кімнен үйрендің бұларды. Бізден үйренбедің бе? Біз де Расулаллаһ мырзамыздан (с.а.у.) үйренбедік пе?». 

Сосын «Сендер Құран Кәрімде қойды, сиырдың және дирһамның қашан және қанша зекет берілетінін таптыңдар ма?» деп сұрады.

Ол адам қайтадан:

 «Жоқ, таппадық» деді.

 Сол кезде Имран (р.а.) былай деді:

 «Онда кімнен үйрендіңдер мұны? Бізден үйренген жоқсыңдар ма? Бізде Пайғамбарымыздан (с.а.у.) үйренбедік пе?».

«Құран Кәрімде «Және Бәйті Атиқты тауап етіңдер» мағынасындағы (Хаж сүресі, 29-аят) аятты білесіңдер ме? Жарайды, Қасиетті кітапта жеті рет тауап жасаңдар, Мақам Ибрахимнің артында екі ракағат намаз оқыңдар дегендей үкімдерді таптыңдар ма? Алла Тағаланың кітабындағы: «Пайғамбар сендерге не берсе соны алыңдар, сендерге нені тыйса одан сақтаныңдар» (Хашр сүресі, 7-аят) Сөзін естімедіңдер ме?

Біз Пайғамбарымыздан (с.а.у.) сендер білмейтін қаншама ілім үйрендік»

 mazhab.kz




Көрілген: 767    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 21:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31