Ислам діні

СІЗДІ АЛЛАҒА СҮЙІКТІ ЕТЕТІН 10 ӘДЕП

  • http://mazhab.kz/

    http://mazhab.kz/

1. Мұсылман бауырыңды көргенде оған "Ассалаумағалейкум" деп сәлем бер. Бұл сөз "Сізге Алланың есендігі болсын" деген керемет әдемі тілекті қамтиды. Ал егер ол сенен бұрын амандасып қойса, оған: "Уағалейкүм ассалам" «Сізге де Алланың есендігі болсын» деп көркем түрде жауап қайтар.

 

 2. Егер бір жерге (біреудің үйіне) кіргің келсе, алдымен есікті тоқылдатып, даусыңды шығарып, үй иесінің рұқсатын алып кір. Біреудің үйіне рұқсатсыз кіру – әдепсіздіктің белгісі.

 

 3. Тамақ, су, т.б кез келген асты ішер алдында «Бисмилләһ» деп Алланың атын аузыңа ал. Тамақты оң қолыңмен же және өз алдыңнан жеуге дағдылан. Ыдыста тамақ қалдырмай, тамақты бітіріп ішу және болған соң қолды жалау – ысыраптан сақтайды әрі бұл Пайғамбарымыз ﷺ көрсеткен ізгі әдеп екенін ұмытпа. Тамақтанып болған соң «Әлхамдулилләһ» деп тамақ беріп, қарныңды тойдырған Аллаға мақтау айт.

 

 4. Тек жақсы сөз сөйле әрі даусыңды қатты шығарма. Адамдармен қатқыл сөйлеспе. Егер біреу саған қарап әңгіме айтып тұрса, оның сөзін бөлме, соңына дейін тыңда. Әсіресе, үлкендердің сөзін бөлу, алдына түсіп, сөз айту – көргенсіздіктің белгісі.

 

5. Егер ұйқыға жатар болсаң, онда дәретпен ұйықтауға тырыс. Оң жақ бүйіріңе қарап жат және «Аятул Курсиді» оқуды әдетке айналдыр. Екі алақаныңды жайып, оған «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін оқы. Кейін екі алақаныңа ақырын ғана үрле де, сол қолдарыңмен денеңнің барлық бөлігін сипалап шық. Осылай 3 рет жаса. Бұл "жатар алдында дем салу" деп аталады.

 

6. Түшкірген кезде бетіңді қолыңмен не киіміңмен көлегейлеп жап және «Әлхамдулилләһ» деп Аллаға мақтау айт. Егер біреу «ЯрхамукаАллаh» «Алла сені рахмет етсiн» деп жауап берсе, оған: “Йаһдикумул-лаһу уә юслиху бәләкум (Алла Тағала сендердi де тура жолға бастап, iстерiңдi оңғарсын) – деп жауап бер.

 

7. Есінегің келсе, даусыңды қатты шығарма және аузыңды қолыңмен басып есіне.

 

8. Егер бір жиынға келсең, көпшілікке даусыңды шығарып (олар еститіндей) сәлем бер. Және адамдардың шетіне келіп жайғас. Өзгелерді аттап, мазаларын алма, олардың рұқсатынсыз араларына отырма. Әрі отырған адамдарды орындарынан қозғама.

 

9. Жолда келе жатсаң әдептерді сақта. Жан-жағыңа алақтап қарай берме. Адамдардың сәлеміне жауап бер және ешкімге зияныңды тигізбе.

 

10. Өзіңе үйлесетін жарасымды киім ки және ең жақсы киім ақ түсті киім екенін ұмытпа. Киімді оң жағынан бастап киіп, сол жақтан шеш.

 

 

 

mazhab.kz




Көрілген: 2676    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 19:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Шілде, 19:20
    Пасық адам, ол кім?!
    1 Шілде, 18:39
    ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ТӘУБА
    29 Маусым, 18:48
    МАҢЫЗДЫ БЕС НӘРСЕ
    26 Маусым, 08:54
    АДЫРАСПАН ХИКАЯСЫ
    25 Маусым, 13:53
    БАЛШЫҒА БАРУ КҮНӘ МА?
    22 Маусым, 18:38
    БІР АУЫЗ СӨЗДІҢ КҮШІ
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31