Ислам діні

Тағдырға иман келтіру тозақтан сақтайды

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Адам табиғатында өз қателігін мойындамай, екінші біреуге сілтеу немесе тағдырға жала жауып, жауапкершіліктен қашу бар. Әрдайым жасаған күнәларына әртүрлі сылтау құрастырып, бас сауғалап қашып кетер жол іздейді. Міне, осы өз ерік-қалауымен жасаған күнәларын тағдырға жауып, жауапкершіліктен қашқысы келетін адамның алдына Алла Тағала тарапынан берілген «дербес ерік-қалауы» шығып, «Қайда барасың? Сен істеген әрбір ісіңді өз ерік-қалауыңмен атқардың. Сондықтан күнәларыңа тағдырды сылтау ете алмайсың»,- деп тозақтың қызыл отын көзіне елестетіп, жауапкершілігін есіне салады.

 

Сондай-ақ, адам табиғатында қолы жеткен жетістіктермен мақтанып, паңдануы тағы бар. Күнәларынан ақталып, тағдырды сылтау еткен әлгі адам істеген кейбір жақсылықтары мен қолы жеткен бәзбір жетістіктерін көлденеңдетіп: «Мен істедім, мен бүйттім, мен сөйттім» деп, дем арасында өзгеріп, күбідей ісініп шыға келеді. Менмендігі бара-бара ұлғайып, тәкаппарлыққа айналып, ақыры әрбір ісін жаратқан Ұлы Жаратушысын ұмыт қалдырып, кердең басып, айналасындағы адамдарға мысқылдай қарап, жеңінің ұшымен сәлем береді.

 

Осындай нәпсісіне адамдық тізгінін ұстатып, тәкаппарлыққа, менмендікке құл болып, мұрнын шүйіргісі келетін пенденің алдына «тағдыр» шығып: «Сенің мақтануға, паңдануға ешбір ақың жоқ. Барлық жақсылыққа апарар жолды көрсетіп, ниетіңе жеткізіп сәтін салған, ізгілікті жаратып, жетістікті нәсіп еткен Алла емес пе?»,- деп құлдың шамасын көзіне көрсетіп, «тәкаппарлықтан аулақ бол!» дейді.

 

Иә, адамның қолы жеткен жетістіктері мен жасаған игіліктеріне иелік етуге еш ақысы жоқ. Себебі, әрбір жақсы істің жасалуын Алла Тағала қаламаса, қалай жүзеге асар еді? Құлдың ниет етіп, істегісі келген ізгі ісіне «жоқ» деп Ұлы Жаратушысы тосқауыл қойса, құлдың қолынан не келер? Адамға істің жақсысын ажырата білетін ақыл сыйлаған, қабілет берген, оның жасауға ниет еткен әрбір ісін жүзеге асырған Ұлы Иесі емес пе?! Иә, жақсылықты қалаған &ndash біз, ал, оны жаратқан &ndash Алла Тағала.

 

Жақсылық атаулыны жүзеге асырудағы адамның алар еншісі лифтің ішіндегі түймені басуындай-ақ. Мысалы, лифтпен жоғары қабатқа шығуды қалап, саусағыңыздың ұшымен түймені басасыз, сөйтіп лифт сізді қалаған қабатыңызға шығарады. Шыққаннан кейін «лифтіні жоғарыға мен шығардым» деп мақтана алмайсыз. Өйткені, сіз лифтіні емес, лифт сізді шығарды.

 

Таразының екі басын тең ұстап, астамшылық пен нұқсандықтан бойын аулақ ұстаған тақуа жан барлық істеген күнәлары үшін «нәпсімді тыңдап, шайтанның арбауына алданып, жаманшылықты таңдаған, қалаған менмін, олай болса өзім кінәлімін» деп Ұлы Иесінен істеген күнәларының кешірілуін тілесе, қолы жеткен жетістіктері үшін «Алла Тағалам мұны нәсіп еткен Сенсің, сәттілігін салған тағы Өзіңсің!» деп, жақсылықтың шынайы иесі Алла Тағалаға рахметін білдіріп, өзінің борыштарлығын сезінеді. Мұндай тақуа жанның жадында әрдайым «Саған келген барлық жақсылық Алладан, ал басыңа келген барлық жамандық нәпсіңнен» деген қасиетті аят жаңғырып тұрады.

 

 

 

muslim.kz

 




Көрілген: 879    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 08:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?
    24 Наурыз, 13:45
    ИМАН НЕДЕН ӘЛСІРЕЙДІ?
    22 Наурыз, 01:25
    БАЙҒЫЗ
    16 Наурыз, 18:37
    ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
    10 Наурыз, 19:59
    Сүрме жағу сүннет пе?
    6 Наурыз, 01:59
    ШЫНАЙЫ ДОС ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30