Ислам діні

ТАҒДЫРЫНА БЕДЕУЛІК ЖАЗЫЛҒАН ӘЙЕЛ

  • ТАҒДЫРЫНА БЕДЕУЛІК ЖАЗЫЛҒАН ӘЙЕЛ

    ТАҒДЫРЫНА БЕДЕУЛІК ЖАЗЫЛҒАН ӘЙЕЛ

Мұса ғалейһиссәләмға бір әйел келіп:

 "Мен үшін Аллаға дұға етіңізші, маған ұрпақ нәсіп етсін" - деп өтініш білдіріпті. Мұса пайғамбар әйелдің өтініші бойынша Аллаға жалбарынып, әйелге перзент сыйлауын Алладан сұрайды. Алла Тағала болса сүйікті пайғамбарына:

 "Уа, Мұса! Мен ол әйелге бедеулікті жазып қойғанмын" - деп жауап береді. Әйел жауабын білейін деп келгенде, Мұса а.с оған:

"Мен Алладан сұрадым. Жаратушы Иеміз маған:

 «Уа, Мұса! Мен ол әйелге бедеулікті жазып қойғанмын» деді" - дейді.      Бір жыл өткеннен кейін әлгі әйел тағы келеді. Тағы да Мұса пайғамбардан Алладан ол үшін перзент сұрауын өтінеді. Мұса пайғамбар қайта Аллаға қол қусырып әлгі әйелге ұрпақ сыйлауын сұрап, жалбарынады. Алайда, Алла Тағаладан тағы да сондай жауап келеді:

"Ей, Мұса! Мен ол әйелге бедеулікті жазып қойғанмын" Содан біраз уақыт өткеннен кейін баяғы бедеу әйел қайта келеді. Бірақ, бұл жолы қолында құндақталған бала бар екен.

 Мұса а.с қолындағы сәбиді көріп:

 - Мына бала сенде қайдан жүр деп сұрайды.

 - Ол – Алланың маған сыйлаған перзенті, - деп жауап береді.

 Мұса а.с таңданып Алла Тағаладан:

 "Уа, Раббым, Сен ол әйелге бедеулікті жазып қойған едің. Неге перзент сыйладың?" деп сұрапты, себебін білгісі келіп.

Сонда Алла Тағала сүйікті пайғамбарына оның себебін былай деп баяндап беріпті:

⠀ "Мен оған бедеулікті жазған сайын, ол Йә Рахиму! (уа рахым Алла) деді. Мен оған бедеулікті жазған сайын ол Йә Рахиму!-деді. Осылайша менің рахымым, құдіреттілігімді озып кетіп, мен оны перзентпен ризықтандырдым" - деген екен.

Дұға:

 Йә Рахиму! Урзуқнә әз-Зурриятәс Салиха әл-Муъафа. Уа, Рахым Алла! Бізді сау-саламатты, салиқалы ұрпақпен ризықтандыр (нәсіп ет)!

mazhab.kz




Көрілген: 1721    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 23:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Шілде, 19:20
    Пасық адам, ол кім?!
    1 Шілде, 18:39
    ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ТӘУБА
    29 Маусым, 18:48
    МАҢЫЗДЫ БЕС НӘРСЕ
    26 Маусым, 08:54
    АДЫРАСПАН ХИКАЯСЫ
    25 Маусым, 13:53
    БАЛШЫҒА БАРУ КҮНӘ МА?
    22 Маусым, 18:38
    БІР АУЫЗ СӨЗДІҢ КҮШІ
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31