Ислам діні

ТӘЖУИД ҮЙРЕТІП АҚЫ АЛУ ДҰРЫС ПА?

  • https://www.muftyat.kz/

    https://www.muftyat.kz/

Алла Тағала: «Құранды мәнерлеп тұрып оқы», &ndash деп бұйырды («Муззаммил» сүресі, 4-аят). Құранды мәнерлеп оқу дегені оны ежіктеп, әріптерді дұрыс шығарып, аяттарды бөліп-бөліп, тәжуид ережесіне сай оқуға айтылады.

 

Жәбірейіл періште Мұхаммед пайғамбарға Құранды мәнерлеп оқуды үйретті. Әрі қарай Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны тура солай етіп сахабаларына жеткізді. Сол дәстүр қазірге дейін жалғасын тауып келеді.

 

Қарилар Құран оқу ережелерін тәртіпке салып кітаптар жазды. Бұл ережелер жиынтығын олар тәжуид деп атады. «Тәжуид» сөзі бір нәрсені дұрыс әрі әдемі істеу деген мағынаны білдіреді. Әрбір мұсылманның тәжуид ережелерін сақтай отырып Құран оқуы, оны тәжуид ілімін білетін қарилардан үйренуі міндет.

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің жақсыларың &ndash Құранды үйренгендерің әрі үйреткендерің», &ndash деді (Бұхари, Әбу Дәуіт, Тирмизи). Ал ғалымдар Құранды оқытқан және оқыған адамды Алла Тағаланың және Алла елшісінің халифасы деп атады.

 

Исламның алғашқы үш ғасырында Құранды ақыға оқыту деген түсінік болмады. Ханафи мәзһабының ғалымдары оған Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына сөздерін негізге алды: «Құран оқыңдар, бірақ оны күнкөріс құралы етіп алмаңдар» (Ахмад). Сол кезде мұсылмандардың ықыласы зор еді. Құран үйретуді олар құлшылық әрі өзінің мұсылмандық міндеті деп білді.

 

Тағы бір хадисте Убадә ибн Самит (одан Алла разы болсын): «Суффа иелеріне (құлшылықпен отыратын сахабалар) Құран үйреттім. Олардан бірісі маған садақ сыйлады. Мен оған: «Бұл мүлік емес, бірақ оны Алла жолында қолданамын», &ndash дедім. Осы жағдайды Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сұрағанымда, ол: «Егер Алла саған оттан жасалған қамыт таққанын қаласаң, онда ал», &ndash деген (Әбу Дәуіт, Ибн Мажә).

 

Азан айту, имамдық қызметі және Құран үйрету секілді ғибадаттарға ақы алу дұрыс емес. Бүгінде оның дұрыстығына пәтуа беріледі (Фатху бабил-ғиная», 3/56). Себебі кейінгі уақытта ақысыз Құран үйретушілердің саны азайды. Бұл жағдай діни ілімнің әлсіреуіне алып келуі мүмкін еді. Сондықтан, кейінгі ғалымдардың пәтуасымен Құран және зәру ілімдерді үйретуші ұстаздарға мемлекет ақы тағайындайтын болды, ақыға Құран үйрету дұрыс есептелді. Оған «Заман өзгерумен үкімдердің де өзгеруі теріске шығарылмайды» деген фиқһи қағида дәлел.

 

Хасан Аманқұл,

«Мұнара» газеті, №11, 2020 жыл

 

 

muftyat.kz

 




Көрілген: 655    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.01.2021, 12:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Наурыз, 01:59
    ШЫНАЙЫ ДОС ДЕГЕН КІМ?
    22 Ақпан, 20:26
    АЯТ ДЕГЕН НЕ?
    20 Ақпан, 14:51
    СҮРЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Ақпан, 01:50
    Мешіт әдептер
    17 Ақпан, 19:47
    САУАБЫ КӨП АМАЛДАР
    3 Ақпан, 11:37
    Рия деген не?
    28 Қаңтар, 17:38
    Мен неге кедеймін?
    27 Қаңтар, 13:29
    Сабырлық
    27 Қаңтар, 10:29
    Алланы тану
    26 Қаңтар, 16:37
    Қабірдің ахуалы
    26 Қаңтар, 10:55
    Өлім сәті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31