Ислам діні

Тақ пен табыттың иесі болмайды

  • Тақ пен табыттың иесі болмайды

    Тақ пен табыттың иесі болмайды

 Осман империясының 10-шы падишахы Сүлеймен Сұлтан (1494-1576) 46 жыл ел басқарып ең көп тақта отырған әрі ең көп жорыққа шықан падишах .Сол падишах өлім аузында жатқанда өзінің әскери қолбасшысын шақырып: «Ертең алда-жалда дүниеден өтіп кететін болсам, мынандай үш өтінішімді өсиет етемін » - деп айтқан екен:

Бірінші өтініші жаназа табытын Осман империясына танымал, атақты, даңқты болған емшілер мен дәрігерлер көтерсін дейді;

Екінші өтініші табытты көтеріп жүретін жолдың барлығына алтын тастар мен жақұттар төселсін;

Үшінші өтініші оның екі қолы бүкіл халыққа көрінетіндей табыттан шығып салбырап тұрсын дейді.

Әскери қолбасшысы Сүлеймен Сұлтанның бұл өтініштеріне таңқалып мұның себебін сұрайды. Сүлеймен Сұлтан былай деп жауап береді:

- Менің жаназа табытымды атақты дәрігерлер мен емшілер көтерсін. Жаназаға жиналған барлық халық көрсін, тіпті мықты дәрігерлердің өзі өлімге қарсы дәрменсіз екендігін;

- Мен жинаған алтын тастарым мен жақұттарымды жаназа табытының қабірге дейін жүретін жолға төселсін. Дүйім жұрт көрсін, бұл өмірде жинаған байлықтың барлығы осы өмірде табанның астында қалатындығын;

-Бүкіл халық менің екі қолымды көздерімен көрсін. Сүлеймен Сұлтанның өзі мына өмірден құры алақан кетіп бара жатқандығын. Осындай өнегелі өсиетпен өмірден өткен екен.

Нұрдәулет Төрежанов

mazhab.kz




Көрілген: 1722    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.03.2020, 09:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Наурыз, 10:36
    АЖАЛ
    18 Наурыз, 09:59
    Аса қауіпті түн!
    13 Наурыз, 16:51
    ҮШ ТҮРЛІ ЖҮРЕК
    25 Ақпан, 09:26
    ОҢ ЖАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
    20 Ақпан, 11:40
    НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ
    23 Қаңтар, 10:54
    НЕГЕ БІЗДЕ БЕРЕКЕ ЖОҚ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31