Тақуалық – таптырмайтын құнды қасиет, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Әдетте бұл Құдайға көп құлшылық ететін пенделарге тән дүние. Бұл қасиет адамның бойына орныққаннан кейін ол оның барлық амалында байқалады.
Сол сияқты адам тақуалықты тек құлшылықта емес, бәлкім қолынан келгенше барлық іс-әрекетінде көрсетуге күш салуы ләзім.
Бұл сұраққа қатысты тарих бетінен мынадай оқиғаны мысалға келтіруге болады. Мұсылмандар Мадаин жеріне келіп, олжа жинайды. Бір адам өте құнды әрі қымбат бұйым алып келеді.
Олжа жинауға міндеттелген адамдар:
– Апырмай, біз мұндай бұйымды көрген емеспіз. Біздің қолымыздағы нәрселер мұнымен теңеспейді, оның маңына да жуымайды, – деп оның алып келген затына қызыға жарысып айтып жатты.
Кейін әлгі адамнан:
– Сен мына олжаның арасынан өзіңе де бір нәрсе алдың ба? – деп сұрайды.
– Аллаға қасам! Алғаным жоқ. Егер Алла болмағанда мен мұны сендерге алып келмес едім, – деп жауап береді.