Ислам діні

Талаптар тағы өзгерді: Меккеге қажылыққа кімдер бара алады

  • Талаптар тағы өзгерді: Меккеге қажылыққа кімдер бара алады

    Талаптар тағы өзгерді: Меккеге қажылыққа кімдер бара алады

Бұған дейін Сауд Арабия билігі Меккеге тек Батыстың вакциналарын салғызған адамдарды ғана кіргізгісі келсе, енді талаптарды одан сайын қатаңдатты. Қазақстандықтар осымен екінші жыл қатарынан қажылыққа бара алмайды. Пандемияның тоқтамауына байланысты Сауд Арабия билігі тек корольдікте тұратын мұсылмандарға ғана қажылық жасауға рұқсат етті.

Биыл Сауд Арабиясында тұратын 60 мың мұсылман ғана қажылық жасай алады, деп хабарлайды РИА Новости корольдіктің қажылық және умра істері министрлігінің өкіліне сілтеме жасап.

"Қажылық және умра министрлігі биыл, мұсылман күнтізбесі бойынша 1442 жылы қажылыққа баратын адамдардың саны шектеулі болатынын жариялады. Тек корольдікте тұратын 60 мың адамға ғана рұқсат етіледі", - делінген хабарламада.

Ел билігі шектеу енгізуге күрделі эпидемиологиялық жағдай мен коронавирустың таралуы себеп болып отыр деді.

Былтыр шектеу шаралары бұдан да қатаң болған еді. Ол кезде шет елдердің мұсылмандарына қажылыққа баруға рұқсат етілген жоқ. Қажылық жасау мүмкіндігі тек Сауд Арабияның он мың тұрғынына бұйырды.

Биыл қажылық 17 мен 22 шілде аралығында жасалады.

Еске салсақ, бұған дейін COVID-19-ға қарсы Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna вакциналарын салдырған шетелдік мұсылмандарға қажылық жасауға рұқсат етілетіні хабарланған еді.




Көрілген: 1119    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.06.2021, 22:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Шілде, 19:20
    Пасық адам, ол кім?!
    1 Шілде, 18:39
    ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ТӘУБА
    29 Маусым, 18:48
    МАҢЫЗДЫ БЕС НӘРСЕ
    26 Маусым, 08:54
    АДЫРАСПАН ХИКАЯСЫ
    25 Маусым, 13:53
    БАЛШЫҒА БАРУ КҮНӘ МА?
    22 Маусым, 18:38
    БІР АУЫЗ СӨЗДІҢ КҮШІ
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31