Ислам діні

Таң намазының пайдасы туралы А.Машановтың ғылыми дәлелі

  • Таң намазының пайдасы туралы А.Машановтың ғылыми дәлелі

    Таң намазының пайдасы туралы А.Машановтың ғылыми дәлелі

Марқұм әкемнің бір қызық мінезі бар еді. Таң қараңғысынан тұрып алып, намазын оқып болғасын, айқайлап, жұрттың бәрін оятатын. Күн шыққанда өлген адам ғана төсекте жатады дейтін. Талай жақтырмай күңкілдедік қой. Әсіресе, қонақ келгенде ыңғайсыз еді. Бірақ өз дегенімен ғана жүретін әкем мейманның көңіліне қарап жатпайтын. Таң атты ма, бәрі тұру керек, все)))

Кеше Бекарыстан Мырзабай ағамнан қызық әңгіме естідім. Академик Ақжан Машанов Алматыда 1979 жылы оқыған бір лекциясында ислам діні туралы әңгімелеп, таңғы намаздың пайдасы туралы айтыпты. Бисмиллаһи рахмани рахим деп әңгіме бастағанда біраз ғалымдар бір-біріне қарап, залдың ішінде сыбыр-күбір көбейді дейді. Бірақ ғалым оған мән бермей, әңгімесін жалғай беріпті. Бекзат адам ғой, қазіргілердей қорқытып-үркітпей, таңғы намаздың пайдасын ғылыми түрде дәлелдепті.

– Таң ата тұрып, қасыңыздағы адамға қараңыз, – депті ғалым, – ол қайта-қайта жұтынып жатады. Оның себебі тіршілік оянды, оның жүрегінің соғуы артты. Ауыз қуысындағы микробтар да «оянып», белсенді жұмысқа кірісті. Оның ұйықтап жатып, жұтына беретіні содан. Демек әлгі микробтарды ол ішіне жұтады. Оның ауыруға, өлуге деген «мүмкіндігі» ұлғаяды. Ал таң намазына тұрған адам дәрет алғанда, әлі белсенді қимылға түсе қоймаған ауыз қуысындағы микробтар шайылып кетеді...

...Ақылға қонымды, ә? Қазақтың күнмен таласып ұйықтама дейтіні де сол ғой...

Бауыржан Бабажанұлы 




Көрілген: 1722    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.05.2020, 18:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Мамыр, 09:51
    ШАЙТАННЫҢ ДОСЫ КІМ?
    2 Мамыр, 12:07
    АДАМ АТАНЫҢ АМАНАТЫ
    22 Сәуір, 21:20
    ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ
    22 Сәуір, 09:29
    Оразаның пайдасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30