Ислам діні

Таңғы және кешкі дұғалар

  • Таңғы және кешкі дұғалар

    Таңғы және кешкі дұғалар

Дұға - Алла мен пендені байланыстырушы көзге көрінбес көпір іспетті. Дұға етудің өз орны мен әдебі бар, ең бастысы &ndash таза жүрекпен, ықыласпен ниеттенген жөн. Ол қиналған, ауырған сәттерімізде ғана емес, алдын-ала ауру-сырқау, тіл-көзден, қауіп-қатерден, бәле-жаладан бізді сақтап, бақытты өмір сүруімізге септігін тигізеді. Дұғалардың түрлері өте көп. Ал қазір таңертең және кешке оқылатын дұғаларды ұсынбақпыз.

Алла елшісі (с.ғ.с.): Кімде-кім күн сайын таңертең және кешке «Субханналлаһи уә бихамдиһи». Мағынасы: Аллаға сансыз мақтау мен шүкіршілік айта отырып, Оны кемшілік атаулыдан пәктеймін деп жүз рет айтатын болса, қиямет күні өзге ешкім де оның осы ісінен артық іс жасап келмейді» деген (Муслим, зикр 26).

Таң атқанда:

«Аллаһума бикә асбахнә уә бикә әмсәйнә уә бикә нахйә уә бикә нәмуту уә иләйкән-нушуру». Уа, Алла тағалам! Сенің арқаңда арайлап атқан таңды көрдік. Сондай-ақ, Сенің ықтиярыңмен өмір сүріп, Сенің бұйрығыңмен дүниеден озамыз. Сосын бәріміз де Саған қайтамыз!
«Асбахнә уә асбахал-мулку лилләһи». Біз де, бүкіл билік те әлемдердің Раббысы Аллаға тән болып таң атырдық.


Кеш батқанда:

«Әғузу би кәлиматиллаһит-тәммәти мин шәрри мә халақ». Алланың мінсіз сөздерімен күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан Аллаға сиынамын.
«Аллаһуммә бикә әмсәйнә уә бикә нахйә уә бикә нәмуту уә иләйкән-нушуру». Уа, Алла тағалам! Сенің арқаңда кештен кешке жеттік. Сенің ықтиярыңмен тіршілік етіп, Сенің бұйрығыңмен дүниеден озамыз. Соңында бәріміз де Саған қайтамыз!
Күн сайын таңертең және кешке «Қул һуаллаһу ахад» және «Муаууизәтәйнді» («Фалақ» және «Нас» сүрелерін), сондай-ақ, «Бисмилләһил-ләзи лә йәдурру маға-смиһи шәйун фил-арди уә лә фис-сәмай уә һуәс-сәмииғул-алимді» үш реттен айтып жүрсе, жамандық атаулыдан, зиянды нәрселерден сақтайды.

Аталған дұғаларды Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) өзі күнделікті қолданып, өзгелерге де айтып жүруге кеңес бергендігі жайлы Әбу Һурайра (р.а.), Ибн Масғуд (р.а.), Абдуллаһ ибн Хубәйб (р.а.), Осман ибн Аффан (р.а.) жеткізген хадистерден білеміз.

mazhab.kz




Көрілген: 559    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 09:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?
    24 Наурыз, 13:45
    ИМАН НЕДЕН ӘЛСІРЕЙДІ?
    22 Наурыз, 01:25
    БАЙҒЫЗ
    16 Наурыз, 18:37
    ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
    10 Наурыз, 19:59
    Сүрме жағу сүннет пе?
    6 Наурыз, 01:59
    ШЫНАЙЫ ДОС ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30