Тарауихтың орнына не істесем болады?

Тарауихтың орнына не істесем болады?

Рамазан айында күнде құптан намазынан кейін, Алланың алдында қарызын өтей алмағандай, өзін кінәлі сезінетіндер де баршылық. Оразадағы отыз күн түзбей тарауих намазын оқу үлкен рухани байлыққа қол жеткізеді.

Тарауих намазының орнын ешқандай намаз толтыра алмасы хақ. Сондықтан да әрбір амалдар өз уақытында орындалғаны абзал. Енді дене мүшеміз бен рухани қажеттіліктің орнын толтыру үшін тарауих намазындай амал етудің жолы қандай?

Осы тұста тарауих намазын оқып, тағы да бір құлышылықпен Аллаға жақындағысы келген пенделер үшін ауыз толтыра айтар амал бар. Ол – тәһәжжуд намазы. Тәһәжжуд намазын оқу тарауих намазының орнын толтыра алмайды!

Сол себепті, рамазанда оқылмай қалған тарауихтың орнын толтырамын деп, нәпіл ораза ұстап, тарауих намазын оқуға болмайды! Рухани азып қалмау үшін, отыз күнде үйреншікті болып қалған әдетті ары қарай жалғастырып, иманымызды әлсіретпеу ниетінде тәһәжжуд намазын оқуды ұсынамыз. Осы күннен бастап, әр түні тәһәжжуд намазын үзбей оқуды әдетке айналдыру өте үлкен сауапты іс болмақ.

Тарауих намазын 20 рәкаат оқуға ерінбеген жанымыз, 8 рәкаат намаз оқуға да ерінбейді. Тек нәпсіні жеңе білу қажет.

Түнгі намаз Пайғамбарымыздың (ﷺ) қатты көңіл бөлген намаздарының бірі. Алла Тағала түнгі намазды жиі оқушыларды аса мақтап әрі олар үшін зор сауаптарды уәде еткен. Тәһәжжүд намазы – парыз намаздарынан кейін тұратын ең абзал намаз.

Алла Тағала Мұса алейхиссаламға «Мен үшін ғибадат ет!» деп бұйырғанда, хазіреті Мұса «Ия, раббым, ғибадатым қабыл болуы үшін, саған қай кезде ғибадат етейін?» деп сұрайды. Алла Тағала: «Түнде тұрып, намаз оқы!» деп бұйырады (Әййуһәл уәләд илмихалы).

Мұсылман бауырлар, нәпсінің арбауына ермей, тәһәжжүд намазын оқығаны абзал. Әрине түнде істелген амалдар мен дұғалар қабыл болары хақ. Бұған мына хадис дәлел: Мұхаммед пайғамбар (ﷺ): «Менің жолыммен жүрген адам түнде тұрып, өз нәпсісін жеңіп намаз оқуға ниет етсе, онда ол байланған арқанды шеше бастайды. Ол бетін жуғанда тағы бір арқан шешіледі, қолдарымен басына су тартқанда басқа арқан шешіледі, ал аяқтарын жуғанда соңғы арқан шешіледі.

Сонда Алла бізден жасырын тұрғандарға «Менің құлдарыма қараңдар. Ол өз нәпсісін жеңіп, маған дұға етуде. Ол Менен не сұраса, Мен оған сұрағанын беремін!» деп айтқан (Ахмад Ибн Хиббан. Сахих аль Таргиб, 627 б.). Құран Кәрімде де нәпіл намаздың қайыры туралы келтірілген. «Және түннің бір бөлігін ұйықтамай, өзіңе қосымша намазға тұр. Раббың сені мақтаулы орынға жібереді.» («Исра» сүресі, 79-аят.) делінсе, енді бір жерде: «Олар жамбастары төсектерден ажырап, Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ, олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды.» («Сәжде» сүресі, 16-аят.) деп көрсетілген.

Тәһәжжүд намазы – түннің үштен екі бөлігі өткеннен кейін, таң намазы кіргенге дейінгі аралықта оқылатын нәпіл намаз. Ол кемі 2 рәкааттан барлығы 8 рәкааттан тұрады. Одан артық оқуға да болады. Тәһәжжүд – ұйқыны тәрк ету (бұзу) дегенді білдіреді.

Түнде оқылатын нәпіл намазы күндіз оқылатын нәпіл намаздардан құнды саналады. Өйткені, түнгі тәтті ұйқыны бұзу нәпсіге ауыр тиеді. Хадис шарифте былай делінеді: «Ғибадаттың абзалы – машақатпен болғаны.» (М. Фәлаһ, Ибни Әсир-Нихайа).

Алла оқып-білгенімізді игі амал етуге бұйыртып, мол сауаптан берсін!


Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы
Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы

 ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста