"Тастаушы болмаңдар" Сәресі туралы не білуіміз керек?

"Тастаушы болмаңдар" Сәресі туралы не білуіміз керек?

6 мамырда басталған қасиетті Рамазан айы 4 маусымда аяқталады. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Ораза тұтушы үшін таң атпай тұрып ас-су ішіп, құлшылыққа қамдануы мұстахаб амал саналады. Мұны сәресі деп атайды.

Әнас бин Малик (р.а.): "Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар", – деген хадисті риуаят еткен.

Сәресінің берекеті
Сәресі ішу дегеніміз – сүннетті орындау, кітап иелеріне ұқсап қалмау, құлшылыққа күш-қуат жинау, белсенділікті арттыру, аштық себепті жаман мінездің пайда болуын алдын алу, садақа беруге жігерлендіру, дұға-тілек етуге мүмкіндік.

Сәресінің бірнеше хикметі бар, олар:

Құлшылыққа күш-қуат беруі.
Кітап иелеріне ұқсамау. Өйткені, олар ораза тұту үшін сәресі ішпейді. Амр бин Ас (р.а.) Пайғамбарымыздың: "Біз ораза мен кітап иелерінің оразасының айырмашылығы – сәресі ішуде", – дегенін жеткізген.
Сәресі уақыты
Хадисте Зайд бин Сабиттің (р.а.) Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге сәресі ішіп, сосын намазға тұрады. Әнас: "Екеуінің арасы қанша уақыт болды", – деп сұрағанда, Зайдтың: "Елу аят шамасынша",– деп жауап бергені баяндалады.

Мүфтият оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді– видео

Бұл Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таң атқанға аз уақыт қалғанға дейін сәресі ішкенін білдіреді.

Сәресінің мөлшері
Әбу Сағид Худрий (р.а.): "Сәресі – берекелі ас. Оны тастаушы болмаңдар. Тіпті, бір жұтым су ішсеңдер де..., – деген риуаят жеткізеді.

Ең абзал сәресі
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: "Мұсылманның сәресісі болған құрма неткен тамаша", – деп айтылған. Демек, сәресіде құрма жеу де абзал амалдар қатарына жатады, деп жазады muftyat.kz.

Рамазан айы қашан басталады?
6 мамырда басталған қасиетті Рамазан айы 4 маусымда аяқталады. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз.

Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусымда Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста