Ислам діні

Тәубе нығметі

  • http://ihsan.kz/

    http://ihsan.kz/

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!        

 

Алла тағала өзінің жаратқандарының ішінде адам баласына ақылды да нәпсіні де берген. Нәпсісін ақылына бағындырып, күнә жасаудан тыйылған адамның дәрежесі жоғары болмақ.

 

Алайда нәпсіні ақылға бағындыра алмай, лағынеті шайтанның азғыруына еріп, көптеген күнәлі әрекеттерге барып жатамыз. Бұл да болса пенденің әлсіздігін білдіретін белгі іспеттес.

 

Хикмет иесі Алла Тағала өзінің шексіз мейірімділігін көрсетіп тәубе есіктерін ашып қойған. Нәпсінің азғындығына еріп, күнә жасаған пенде өкінішпен өз күнәсін мойындап, Аллаға тәубе жасаса, Алла Тағала тәубелерді қабыл етуші.

 

Бұл туралы  қасиетті Құран Кәрімнің Бақара сүресі, 222-аятында: «Шексіз Алла Тағала тәубе етушілерді жақсы көреді, тәубе етушілер Алланың сүйікті құлдары» деп  айтылған. «Адасқанның айыбы жоқ, Үйірін тауып қосылса» - деген қанатты сөздің өзегі де осы Құран аяттарын нұсқаса керек.    

 

           Адам баласы бұл өмірге сынақ үшін келген. Сынаққа төзіп, Алланың тыйылғандарынан тыйылып, нәпсіге ермей, тура жолмен жүрсе мәңгілік жұмақпен марапатталары даусыз.

 

Алайда пенде болған соң иманымыздың әлсіздігінің, лағынеті шайтанның азғыруынан және нәпсінің жетегіне жармасуымыздың кесірінен күнәлі істерге көп барып қоямыз. Дегенмен, шексіз мейірім иесі Алла Тағала бізді, яғни пенделеріне тек жақсылықты қалайды және күналарымыздың жазасын беруге асықпай, жан алқымымызға келгенше тәубе жасап, кешірім сұраумызды күтеді.

 

Бұл туралы өзінің қасиетті Құран Кәрімінде : «[Оларға былай] айт: «Әй, өздеріне зиян жасаған құлдарым! Алланың мейірімінен күдер үзбеңдер! Расында Алла барлық күнәларды кешіреді. Расында, Ол - Кешіруші, Мейірімді! Өздеріңе апат келуден бұрын Раббыларыңа қайтыңдар, Оған бойұсыныңдар. Кейін жәрдем көре алмайсыңдар».

 

Аяттан ұққанымыз нәпсінің құрығының алдында дәрменсіз болып, үлкен күналарға қанша барған болсақта Алланың «кешірім есігі» болған тәубе жасауға асығып, жамандықтан жиренсек Алла Тағала күнәмізді кешіріп, тозақ отынан сақтап, қияметте жүзімізді жарық етіп қояды.

 

          «Шын мәнінде, білместікпен жаман іс істеп қойып, содан кейін жақын арада істеген күнәсі үшін шынайы өкініп, Аллаға бойұсынуға қайтатындардың (тәубеге келетіндердің) тәубесін қабылдау Аллаға тән. Міне, солардың тәубесін Алла қабыл етеді».

 

          Құран аяттарынан осындай мысалдар өз күнәсінан ұялып немесе «күнәм тым көп, Алла мені кешірмейді» деп жүрген дәрменсіз пенделерге тәубе жасауға әлі де кеш емес екенін ескертеді.

 

Пенденің күналары қанша көп болса, Жаратушымыздың мейірімі одан да шексіз деп үміттеніп, лағынеті шайтанның азғыруына ермей, тәубе етіп, тура жолмен жүріп ақыретке жақсы амалдар жинауымыз керек.

 

«Нұр» сүресінің 31-аятында : «Ей, мүминдер! Бақытқа жетем десеңдер, түп-түгел Аллаға тәубе етіңдер» деп мұсылмандарға жеңілдік беріп қойған.

 

Шынайы тәубе етудің үш шарты бар: Жасаған жамандығын дереу тоқтату,  сол ісіне шынайы өкіну және мұндай іс-әрекетке бұдан әрі бармайтындай шешім шығару.

 

Міне осы үш нәрсені жасаған адамның тәубесі шынайы болады.

 

Пендешілікпен жасаған барша күналарымызды жуып-шайып, қияметте жүзімізді жарық ететін тәубе нығметінің бізге берілуі &ndash Алланың пендесіне берген есепсіз сыйларының бірі ғана.

 

Тәубе жасау нығметінің бізге берерін терең ұғынып, қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырымызда көп тәубе етіп, Алланың сүйікті құлдарынан болайық.

 

Алла Тағала баршамыздың тәубемізді қабыл еткей!

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: Құран Кәрім «Зумар» сүресі, 53-54-аяттар.

«Ниса» сүресі, 17-аят.

 

 

Қаражал қалалық мешітінің бас имамы Советов Талғат

 

Алла Тағала айтты: «Шексіз Алла Тағала тәубе етушілерді жақсы көреді, тәубе етушілер Алланың сүйікті құлдары» (Бақара сүресі, 222-аят).

 

 

 

ihsan.kz




Көрілген: 663    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 13:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 20:26
    АЯТ ДЕГЕН НЕ?
    20 Ақпан, 14:51
    СҮРЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Ақпан, 01:50
    Мешіт әдептер
    17 Ақпан, 19:47
    САУАБЫ КӨП АМАЛДАР
    3 Ақпан, 11:37
    Рия деген не?
    28 Қаңтар, 17:38
    Мен неге кедеймін?
    27 Қаңтар, 13:29
    Сабырлық
    27 Қаңтар, 10:29
    Алланы тану
    26 Қаңтар, 16:37
    Қабірдің ахуалы
    26 Қаңтар, 10:55
    Өлім сәті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31