Той жасау неке шартына кіре ме?

Той жасау неке шартына кіре ме?

Үйленгенде жұртқа жария ету және той жасау некенің шарттарына кірмейді. Бірақ үйленгендігін жария ету және дабыл қағу мұстахап амалына жатады.

Той үстінде шариғат әдебінен шықпай өлеңдер оқылып, ән айтылса оның еш айыбы жоқ. Мысалы, Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм) Ансарларға:

Әтәйнәкум әтәйнәкум фә хаиунә нухәййкум Ләу лә әз-зәһәбу әл-ахмару мә хәлләт-би уәәдикум Уәләу лә алхинтоһ ассәудәә ма сәмунәт ғазарикум деп ән айтуын насихаттаған. Бұл қазақ халқында жар-жар болып қалыптасып кеткен.

Абдулла бин Зубәйр (р.анһ.) Пайғамбарымыздың (аләйһиссаләту уәс-сәләм): «Некені жария етіңдер», - дегенін жеткізген.

Тағы бір хабарда: «Некелескендеріңді жұртқа көрсетіңдер»,- деп айтылған. Айша анамыз (р.анһ): «Ансарлардың біріне әйелді тұрмысқа бердік»,- деп айтқанда, Аллаһтың елшісі (аләйһиссаләту уәс-сәләм): «Сендермен күліп-ойнап көңіл көтеретін біреу болды ма? Өйткені ансарлар көңіл көтеруді жақсы көретін», - дейді. Амир ибн Сағдтан (р.анһ.):

бірде Қирза бин Кағб пен Әбу Мәсғудты (р.анһ.) үйлену тойында көрдім, олардың қасында өлең айтылып жатыр екен. Сонда мен олардан: «Сендер Аллаһтың елшісінің (аләйһис-саләту уәс-сәләм) Бәдірге қатысқан үлкен сахабаларысыңдар. Сендердің қастарыңда осылай етіп жатыр, бұндай жерде қалай отырсыңдар»,деп сұрадым. Сонда ол екеуі: «Егер қаласаң бізге қосыл, ал егер ұнатпасаң бара бер, өйткені Аллаһтың елшісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм) бізге үйлену тойында көңіл көтеруге, басымызға қиындық түскенде жылауға рұқсат берген», -деп жауап берді.

Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм) үйлену тойында дабыл соққанды жақсы көретін делінеді. Кейбір риуаятта: «оны (яғни дуфын) дауыс ырғағымен қоса қатты соғыңдар»,-дегені баяндалады.

Жәбирден (р.анһ): «Айша анамыз туысының бірін ансарлардың біріне некелестірді. Сонда Аллаһ елшісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм): «Қызды тұрмысқа бердіңдер ме әрі онымен бірге әтәйнәкум әтәйнәкум фә хаийанәә уа хәййаакум деп айтатын біреуді қоса жібердіңдер ме?»,- деп сұрағаны риуаят етіледі.

ihsan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста