Ислам діні

Тұмар тағу Аллаға серік қосу ма?

  • Тұмар тағу Аллаға серік қосу ма?

    Тұмар тағу Аллаға серік қосу ма?

Ассаламу алейкум! Құрметті сайт ұжымы! Атқарып жатқан жұмыстарыңызға берекелі болғай! Сіздерден сұрайын дегенім, шариғатта тұмар тағу жайлы не айтылған? 


Жауап
Уа алейкум ассалам!

Бірқатар сахабалар: Ибн Масғұд, Ибн Аббас (р.а.) тұмар тағуды құптамаған. Ал, Абдулла бин Амр, Айша (р.а.) риуаят еткен хадисте тұмар тағуға рұқсат бар.

Тирмизи еңбегіне жасалған түсіндірме кітапта: «Ғалымдардың басым көпшілігі кейбір ғұламалар рұқсат бергенімен, тұмар тақпаған абзал. Себебі, тақуалықтың бірнеше дәрежесі бар. Ықыластың да сонша мәртебесі бар. Дінде әр дәреженің үстінде тағы бір дәреже тұрады. Ал, оған қол жеткізгісі келетіндер аз. Тақуа адам &ndash оқасы жоқ нәрсені бір залалы болуынан сақтанып тәрк етуші[1]», &ndash делінген.

Ал, Амр бин Шұғайыб (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) сахабаларға қорқынышта мына сөздерді айтуды үйреткен еді: «Әъузу би кәлиматилләһи әттәмма мин ғадабиһи уә шәрри ъибәдиһ. Уә мин һәмәзатиш шайатын уә ән яхдурун». Абдулла бин Амр бұл сөздерді ес біліп қалған балаларына үйретіп жаттататын. Ал, әлі ес білмеген балаларына тұмар етіп тағып қоятын[2]», &ndash делінген.

Түйіндей айтқанда, жас балаға тұмар тағуға болады. Ал, жаттауға шамасы келетін жастан бастап Құран аяттары мен хадистегі дұғаларды оқып жүрген дұрыс. 


[1] Тухфат Ахуази
[2] Әбу Дауд

Руслан Камбаров




Көрілген: 556    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 16:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?
    24 Наурыз, 13:45
    ИМАН НЕДЕН ӘЛСІРЕЙДІ?
    22 Наурыз, 01:25
    БАЙҒЫЗ
    16 Наурыз, 18:37
    ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
    10 Наурыз, 19:59
    Сүрме жағу сүннет пе?
    6 Наурыз, 01:59
    ШЫНАЙЫ ДОС ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30