ТЫЙЫМДАРДЫҢ ХИКМЕТІ

24 қазан 2021, 00:30

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «...Және (адамдар) намазды алғашқы уақытында (жамағатпен) оқудың сауабын білгендерінде, ол үшін жарысатын еді. Құптан мен Таң намазының абзалдығын білгендерінде еңбектеп болса да, бұл намаздарға (жамағатпен оқу үшін) келетін еді». (Муттәфәқун алайһ)

Алла Тағала Хашр сүресінің 7-аятында былай дейді (мағынасы): «Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз Алла, қатты азап иесі». 

Тыйым жоғары дәрежедегі бірінің төменгі дәрежедегілерге бір істің жасалмауы үшін айтылған сөз. Бұйрықтың антонимі.

Хаким Термизи (рах.) былай дейді: Пайғамбарымыздан (с.а.у.) «Расулулла тыйым салды» түріндегі риуаяттар екі түрлі. Оның тыйымдарының кейбірі әдептілік орнату үшін ал кейбірі харамнан сақтандыру үшін. Мұндай түрдегі хадис шәріптердің әр бірінде хикмет бар. Тыйым салынған осы нәрселерді жасаған адамдар тура жолдан шығады. Шүбәсіз тура жол тіке Аллаға алып баратын жол. Кім бұл жолдан айныса Аллаға баратын жолдан да айнығаны. Тура жолда болу құлдың Алла Тағалаға жақындауы. Шәксіз Алла Тағала құлдарын дарус-сәләмға (жұмаққа) шақырады және оларға Өзіне қайтатынын ескертеді. 

Діннің бір әдебін жасамағанның рухани дәрежесі түседі. Бір харамды жасаған өзін құзға лақтырғандай болады.

mazhab.kz