Уағыз айтсаң да абайлап айт

18 қаңтар 2022, 15:16

Мұхаммед Иаһиа Уәлан есімді 51 жастағы индонезиялық имам уағызында Інжілдің шынайылығына күмән келтіріп, қолдан бұрмаланғанын айтқаны үшін бес ай мерзімге абақтыға жабылды әрі 3600 доллар мөлшерінде айыппұл арқалады.

 

Бұл жайында islam.kz порталы UCA News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Ол бұрын христиан болатын, исламды қабылдап, жергілікті мұсылман жамағаты арасында танымал тұлғаға айналған. Оны сот қоғамда діни алауыздық пен араздық тудырды деп айыптады.

 

Ал Петрус Селестинус есімді католик заңгердің айтуынша, Мұхаммед Иаһиа Уәлан жазасы жеңіл.

 

Қорғаушы Петрус Селестинустың сөзіне қарағанда, Индонезияда дінге немесе қандай да бір наным-сенімге тіл тигізгендерге қолданылатын жаза ауыр – бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

Діни кемсітушілікке жол берілді деп есептеледі зайырлы қоғамда қандай да бір діннің немесе наным-сенімнің шынайылығана күмән келтіру немесе тіл тигізу.