Ислам діні

УАҺАБИ, СӘЛӘФИ ДЕГЕНДЕРДІҢ ӨЗІ НЕ НӘРСЕ...

  • http://mazhab.kz/

    http://mazhab.kz/

Еліміздегі діни ағымдар проблемасы «төске шауып, басқа өрледі», осының себебі неде?

 

Қазақстан деген елдің құрушы мәдениеті, ұлты ол — қазақ мәдениеті, қазақ ұлты, ал қазақ деген болмыс тарих сахнасына Ислам арқылы шықты. Ислам — қазақ мәдениетінің мазмұны. Олай болса, бұл елде ислам туралы әңгіме көбейе береді. Бұл табиғи жағдай. Мемлекет өз құндылықтарын қорғаудың, сақтаудың тетіктерін енді-енді қарастырып жатыр.

 

Егемендік алған ширек ғасырда елімізде мемлекеттен тыс күштер Исламмен айналысты. Мемлекет Исламмен айналысуға бет бұра алмай жатқан тұста Ислам мемлекетпен айналыса бастады. Дін саясиланып сала берді.

 

Жалпы, дін — әлемде ең басты саясат болатын. Міне, осы кезде ат ойнатып, «төске шауып, басқа өрлеп», елімізде уахабистік жат діни таным ошақтары қаптай бастады. Бұлардың ішінде оң ниеттілері де бар. Бірақ олар уахабизмнің Батыстың саясат құралы екендігін түсінбейді.

 

Сосын тағы… олардың ішінде уахабизмді ақша, саясат үшін жарнамалап жатқандар да бар. Бұлар Исламды дін ретінде емес, агрессия, оппозиция, шариғат, режим ретінде қабылдап, сол бағытта әрекет етеді.

 

Бұл кең дала екі ғасырдан бері уахабизм идеологиясының қысымына ұшырап отыр. Кеңес үкіметіне дейін де, Кеңес кезінде де, қазір де. Мұны мемлекет енді түсініп, одан арылудың жан-жақты тетіктерін ойластырып жатыр.

 

Дегенмен, әлі де жете меңгерілмей жатқан тұстар жоқ емес. Уахабистік идеологиямен күресудің ғылыми-танымдық, саяси-экономикалық, халықаралық аспектілері бар. Осыларды орталықтандырып, шешім қабылдайтын, құқықтық тетіктен басқа, шешімді қабылдауды кешеуілдетіп отыр. Себебі көп.

 

Бірақ ең бастысы мемлекет уахабизмнің қазақ мемлекеттілігін дамытуға, оның баяндылығына ең басты қауіп екендігін біліп, сезініп отыр.

 

Дегенмен әлі де болса, мемлекетте осы эксртемиистік діни топтармен күресуде, сыртқы күштердің ықпалы басым сияқты болып көрінеді.

 

Досай Кенжетай

mazhab.kz
 




Көрілген: 2276    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.08.2020, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31