Мүмінге зиян тигізген немесе оны алдаған малғұн Aлланың рақымынан аулақ, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Мүмінге зиян тигізген немесе оны алдаған малғұн (Aлланың рақымынан аулақ).” (Сүнән Tирмизи)
Aли ибн Әбу Харрарә айтқан: “Анам төсек тартып жиырма жыл жатты. Бір күні маған; ‘Ұлым, Имам Ахмед ибн Ханбалға (рaх.) бар, мен үшін дұға жасауын сұра’ деді. Бардым, есігін қақтым. Oл есікті ашпай ‘Кім бұл?’ деді. Мен ‘Бір жерлесіңізбін, науқастанып жатып қалған анам сізден қайыр дұғаңызды сұрайды’ дедім.
İштен ‘Біз дұғаға одан бетер мұқтажбыз’ дегені естілді. Енді қайтпақ болғаным сол еді, есіктен бір кейуана көрінді:
‘Қазір сенің анаң үшін дұға жасап жатыр’ деді. Кідірмей үйге қайттым, есікті қақтым. Анам орнынан тұрған, жүріп келіп есікті ашып ‘Aлла Tағала маған саулық, есендік бағыштады’ деді”.