Ислам діні

Үш амалға берілетін сый есепсіз

  • Үш амалға берілетін сый есепсіз

    Үш амалға берілетін сый есепсіз

 1. КЕШІРІМ. "Ал, кім кешірсе жəне түзетсе, оның сыйы - Аллада... ", ("Шура"сүресі, 40-аят). Аят адамдарға кешіріммен қарауға, кез келген жағдайда түсіністік танытып, жақсы ойда болуға шақырады.

2. АЛЛА ҮШІН САБЫР ЕТУ. "Ақиқатында, сабыр етушілерге берілетін сыйлары - есепсіз". ("Зүмəр" сүресі, 10-аят). Әнас (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізеді: «Шындығында үлкен сынаққа үлкен сауап бар. Егер Алла Тағала адамдарды жақсы көрсе, Ол оларды сынақтарға салады да, одан кейін оларға ризалығы ретінде үлкен сый, игілік жібереді, ал сол кезде наразылық білдіргендер Оның ашуына ұшырайды". (Бұл хадисті Тирмизи «жақсы» хадис деп келтіреді).

3. ОРАЗА.
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың былай деп айтқанын жеткізеді: «Адам баласының барлық амалы өзі үшін. Тек оразадан басқа. Ол - Мен үшін. Оның сыйын Өзім беремін» (Бұхари). Қиямет күні бір жаршы: «Сауабын Алланың Өзі беретін адамдар қайда?» - дейді екен. Сонда сабыр еткен, ораза ұстап, өзгелерді кешіре білген пенделер Алланың уәдесі бойынша ең үлкен сыйға кенелмек.

Олай болса, осы үш амалдың иесі болуға асығайық.

gibratty_angimeler




Көрілген: 1940    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.01.2020, 09:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 06:40
    СИҚЫР (ДУА) ҮКІМІ
    20 Наурыз, 10:36
    АЖАЛ
    18 Наурыз, 09:59
    Аса қауіпті түн!
    13 Наурыз, 16:51
    ҮШ ТҮРЛІ ЖҮРЕК
    25 Ақпан, 09:26
    ОҢ ЖАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
    20 Ақпан, 11:40
    НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ
    23 Қаңтар, 10:54
    НЕГЕ БІЗДЕ БЕРЕКЕ ЖОҚ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30