Ислам діні

Үш күннен соң мына нәрсені міндетті түрде жаса!

  • http://ihsan.kz

    http://ihsan.kz

Алла Расулын (ﷺ) емізу бақытына қол жеткізген сүт аналарының бірі Сүуәйбә бибі еді. Ол әйел Расулаллаһтың (ﷺ) немере ағасы Әбу Ләһәбтің күңі еді.


Сүуәйбә сол қасиетті дүйсенбі күні Әбу Ләһәбке інісінің баласының туылғандығын сүйіншілегенде, ол тек рушылдық намыс тұрғысынан қуанышқа бөленді де, сол қуаныштың әсерінен күңін азат қылады. Сол рушылдық намыс пен қуаныштың өзі дүйсенбі күндері Әбу Ләһәбтің жәһәннамда тартып жатқан азабын жеңілдетуге жетті.


Бұл оқиға туралы Әбу Ләһәбтің інісі Аббас (р.а.) былай деген:


«Әбу Ләһәбті өлгеннен кейін бір жыл өткен соң түсімде көріп едім. Аянышты халде екен.


Саған қандай мәміле жасады? – деп сұрадым. Әбу Ләһәб:


Мұхаммедтің (ﷺ) туылғанына қуанып, Сүуйбәні азат қылғаным үшін әр дүйсенбі күні тартып жатқан азабымды біраз жеңілдетеді. Сол күні бас бармағым мен сұқ саусағым арасындағы мына кішкентай тесіктен аққан сумен сусындаймын – деп жауап қайтарады» 1.


Бұл мәселе жайлы Ибн Жәзәри былай деген: «Әбу Ләһәб сияқты кәпірге сый тартқан Алла Тағала Пайғамбар Мырзамыз (ﷺ) туылған түнді зікір, ғибадатпен өткізетін мүминге Расулдың (ﷺ) құрметі үшін оған не беретіндігін, қандай сыйлықтар тарту етіп, қандай игіліктерге шомылдыратындығын ойлау керек! Олай болса мүмін мұсылмандарға жарасатыны – Пайғамбарымыз (ﷺ) туылған күнді тиімді өткізіп, кедей-кепшіктерге жан-жақты қол ұшын беру» 2.


Ибн Кәсир, әл-Бидәйә, 2/277; Ибн Сағд, 1/108,125.

Касталани, Мәуәһибү Ләдүнине, 1/39.


ihsan.kz


 


 




Көрілген: 2528    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.07.2019, 21:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Желтоқсан, 14:30
    Көз тиюге қарсы дем салу
    24 Қараша, 18:02
    Рия деген не?
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31