ЯХИЯ (А.С.) ПАЙҒАМБАРҒА ӘМІР ЕТІЛГЕН БЕС НӘРСЕ

ЯХИЯ (А.С.) ПАЙҒАМБАРҒА ӘМІР ЕТІЛГЕН БЕС НӘРСЕ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде кім жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйса, ол жер бетіндегі Алланың, Пайғамбардың халифасы және Алланың кітабының халифасы болады». (Суюти, Жәмиғ ул-Әхадис)

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Алла Тағала Зәкәрия (а.с.) пайғамбардың ұлы Яхияға (а.с.) өзі де амал етіп, Исрайыл ұрпақтарына да орындауларын бұйыруы үшін бес нәрсе әмір етті. Яхия (а.с.) пайғамбар халықты Бәйт Мақдиске жинады. Мешіт лық толды. Тіпті муәззиннің орнына отырғандар да болды. Яхия (а.с.) оларға былай деді: «Алла Тағала маған және сендерге мына бес нәрсені міндеттеді. Олар:

 

1. Алла Тағалаға құлшылық жасау, оған серік қоспау. Аллаға серік қосқан мынаған ұқсайды. Бір адам өз ақшасымен құл сатып алып оған: «Мынау менің үйім ал мынау сенің жасайтын жұмысың. Жұмыс істеп, тапқаныңды маған алып келесің» дейді. Сөйтіп құл жұмыс істейді. Бірақ тапқанын қожайынына емес, басқасына алып барады. Құлдарыңның бұлай жасағанын қайсың құптайсың?

 

2. Алла Тағала сендерге намазды бұйырды. Намаз үстінде оң-солдарыңа қарамаңдар. Өйткені құл намазда жан-жағына қарамаса, Алладан өзгеге көңіл бөлмесе, Алла Тағала да құлына назарын салады.

 

3. Сендерге оразаны әмір етті.  Бұл өзімен бірге хош иіс тасып жүрген адамға ұқсайды. Жұрттың бәрі оның аңқыған жұпар иісіне тамсанады. Иіс өзіне де ұнайды. Дегенмен, аузы берік адамның иісі Алланың алдында сол жұпар иістен де артық.

 

4. Сендерге садақа беруді әмір етті. Бұл жаудың қолына түсіп, басы шабылу үшін тізе бүккен адамға ұқсайды. Әлгі адам «басымның құнын төлеймін, мені босатыңдар» деп ақы төлеп, өзін құтқарып алады.

 

5. Сендерге Өзін зікір етуді бұйырды. Бұл жаудан қашып келе жатқан адамның берік қорғанды паналап, дұшпанынан аман қалған кісіге ұқсайды. Дәл осы сияқты адам баласы Алланы зікір ету арқылы ғана шайтанның арбауынан  қорғана алады».

 

 

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста