Ислам діні

Зайырлы мемлекет дінсіз қоғам емес

  • Зайырлы мемлекет дінсіз қоғам емес

    Зайырлы мемлекет дінсіз қоғам емес

Қазіргі уақытта Қазақстанда тиімді өзара әрекеттестігі мен қолайлы өмір сүру жағдайы қалыптасқан 130 этникалық және 18 конфессиялық топтар бар. Конфессия аралық қарым-қатынастың қазақстандық бірегей үлгісінің негізінде қалыптасқан бейбітшілік пен келісім, дін және мәдениетаралық диалог әлемдік эталон мен өзге елдерге үлгі ретінде әділ мойындалған.

Діни және руxани прогресстің бостандығын қамтамасыз етуге, азаматтық бейбітшіліктің нығаюы мен сақталуына және елдегі конфессияаралық келісімге бағытталған сенімді мемлекеттік саясаттың негізінде жоғарыда аталғандардың барлығына қол жеткізіп отырмыз.

Жалпы, қазіргі таңда дінаралық бейбітшілікті нығайтып, азаматтардың санасын деструктивті идеологиядан қорғау мақсатында Алматы қаласының әкімшілігі Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау» орталығының ұйымдастыруымен жылдың басынан бастап әскери қызметтегілерге, темір жол қызметкерлеріне, оқушылар мен студенттерге деструктивті ағымдарға қарсы іс-шаралар жайлы дәріс өткізілуде. Дәріскерлер ретінде қаламыздың беделді оқу орындарының білікті оқытушы-профессорлары, психолог, дінтанушы-теолог мамандары, заңгерлер мен қоғам қайраткерлерінен тұратын ақпараттық түсіндіру тобы құрамы бекітілді.

Тәуелсіздік алған уақыттан бері дін саласындағы мемлекеттік саясаттың айқын бағыты ар-ождан бостандығы қағидаларын жүзеге асыру мен табынушылық тәжірибеге мемлекеттік институттардың араласпауы болатын, ал мемлекеттің зайырлы сипаты еліміздің басты заңы - ҚР Конституциясында бекітілген еді. Нақтырақ айтсақ, Конституцияның 1-бабында - Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп көрсетілген.

Демек, зайырлылық немесе мемлекеттің зайырлы түрі дегеніміз әлеуметтік және саяси билікті ұйымдастырудың басты формасы ретіндегі мемлекеттің рөлін сақтай отырып, мемлекет пен діни бірлестіктердің ықпал ету салаларын ажырату болып табылады.

Діни және этникалық негіздегі қақтығыстардың орын алуы, мәдени, әлеуметтік, саяси құқықтардың шектелуі, конфессиялық немесе діни Тәуелсіздік алған уақыттан бері дін саласындағы мемлекеттік саясаттың айқын бағыты ар-ождан бостандығы қағидаларын жүзеге асыру мен табынушылық тәжірибеге мемлекеттік институттардың араласпауы болатын, ал мемлекеттің зайырлы сипаты еліміздің басты заңы - ҚР Конституциясында бекітілген еді. Нақтырақ айтсақ, Конституцияның 1-бабында - Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп көрсетілген.

Социологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша дін саласындағы мемлекет саясатын ел азаматтарының 86% қолдайтынын көрсетті. Осылайша,

азаматтардың діни бостандық құқықтарының қамтамасыз етілуі, этнос және конфессия аралық келісімнің нығаюы мен сақталуы, сонымен қатар,

зайырлылық қағидасының негізіндегі дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.

Сонымен бірге, оны қолдап отыру мемлекет тарапынан ғана емес, азаматтық қоғам, соның ішінде діни қоғамдар тарапынан да күш салынуын талап етеді.

Тұрғындардың санасына «рухани және діни құндылықтар ғылымның, өнердің, өнеркәсіптің, азаматтық қоғамның дамуына қандайда бір кедергілер тудырмауы және тежемеуі қажет, керісінше елдің гүлденуіне, барлық саланың дамуына қолайлы жағдайлар құруы тиіс екендігі» идеясын жеткізу аса маңызды.

Негізгі идея Қазақстанның экономикалық өзгеруі рухани құндылықтардың қатар өзгертуін көздейтіндігінде негізделген. Бұған қоса, рухани құндылықтар, әлемінің қоғамдық дамуының заманауи реалиясына жауап бере, елдің даму процестерінің белгілі бір идеологиялық негізін қалыптастырады. 




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 21:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Сәуір, 23:42
    ҰМЫТПА !
    1 Сәуір, 06:40
    СИҚЫР (ДУА) ҮКІМІ
    20 Наурыз, 10:36
    АЖАЛ
    18 Наурыз, 09:59
    Аса қауіпті түн!
    13 Наурыз, 16:51
    ҮШ ТҮРЛІ ЖҮРЕК
    25 Ақпан, 09:26
    ОҢ ЖАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
    20 Ақпан, 11:40
    НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30