Достық

Балаңызды қазақ мектебіне беруге не кедергі?

Бекпулат ТАШПУЛАТОВ, «Авиценна» тәжік мәдени орталығының төрағасы:

– Алла берген жалғыз балам бар. Ол мектепті орыс тілінде бітірді. Қазір мек­теп жасындағы балам жоқ. Бірақ алдағы уақытта немерелерімді қазақ­тіл­ді мек­тепке беруге ынталымын. Ке­зінде түрлі жағ­дайлармен баламды қа­зақ мектебіне бере алмадым, бірақ ал­дағы уақытта бәрібір ұрпағымның қазақ тілін меңгеріп, осы тілде білім алуын қолдай­мын. Осы орайда айта кетер жайт, Оңтүстік Қазақ­стан облы­сында 12 ұлттық мектеп бар. Олардың екеуі – тәжік тілді мек­теп­тер. Осы мек­тепті мен талайдан бері көп­тілді мек­тепке ауыстыру жөнінде ұсыныс айтып жүрмін. 2010 жылы сол мектеп­тердің бірінде тілге қатысты республи­калық іс-шара өткіздім. Сонда осы мәсе­лені көтергенімде көпшілік тарапынан қол­дау тапты. Оңтүстік Қазақстан облы­сын­дағы тәжіктердің барлығы қазақ тілін жақсы біледі. Бірақ әлі де болса мектеп­терді қазақ тіліне ауыстырып, қазақ тілін­де сауатын ашқысы келетін­дер жетерлік. Біз олардың осы тілегін орындауға ұм­тылуымыз керек.


Қазақбай ҚАСЫМОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, философия ғылымының докторы:

– Мен өзім қазақша сөйлеп, қазақ­тардың ортасында өскен адаммын. Ұл­тым түрік болғанымен, қазақ тілін терең меңгергенмін. Бірақ балам қазақ мек­те­біне барған жоқ. Әйелім молдаван қызы болғаннан кейін баламның орыс тілінде білім алуын дұрыс көрді. Негізі, әйелім де қазақ тілін біледі. Кезінде, шыны ке­рек, қазақ тілінің өрісі кең бола қойған жоқ, қазақтілді мектептер де аз еді. Енді осы олқылықтың орнын тол­тырып, қазір баламызға қазақша үй­ретіп жатырмыз. Айта кетер жайт, қазір немерелерім қа­зақ мектебіне барып жүр. Қазақстанда тұр­ғаннан кейін қа­зақ тілін білу керек. Бұл – уақыт талабы. Күн өткен сайын қа­зақ тілінің қажеттілігі артып келеді. Қазір осыны түсінген ха­лық өздері балаларын қазақ мектебіне беруге ұмтылуда. Сон­дықтан уақыт өте бұл олқылықтың орны бәрібір толаты­нына сенемін.


Ғаділбек ШАЛАХМЕТОВ, Қазақ телевизиясының ардагері, Халықаралық журналистика академиясының академигі:

– Балам Кеңес Одағы кезінде білімді орыс тілінде алды. Біраз уақыт Мәскеуде тұрдық. Осылайша балам бастап орыс ті­лінде білім алған соң, кейін мектепті сол үйренген орыс тілін­де аяқтасын деп шештік. Ол уақытта қазақтілді мектептер қолжетімді емес те еді. Қазір, Құдайға шүкір, қазақтілді мектептер жетерлік. Не­мерелерім қа­зақ­тілді мектепке барып жүр. Үйде қазақ тілінде сөйлесеміз. Не­гізі, ата-аналар қоғамның талабына ба­ғы­нады ғой. Осылайша кезінде көпшілік орыс тілінде білім алуға тырысатын. Қазір балаларына қазақ тілінде білім бер­гісі келетіндер жетерлік. Сондықтан мұның бәрін уақыт реттейтін нәрсе деп ой­лаймын.




Көрілген: 3060    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2013, 11:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30