Думан

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық өнерінің бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.


АСАУКӨК. Бұл қысты күндері үй ішінде отырып жасалатын ойын-сауыққа да, ұлт дәстүріне де жататын қызықты кеш. «Асаукөк» әсіресе құр­метті қонақ келгенде, құда күт­кенде үлкен-кішілердің бас қосуымен жаса­латын бұл кеште ән, жыр, жұмбақ, жаңылтпаштар айту, қолтұзақ, асық ойыны болады. Үлкендер әңгі­ме, өлең тыңдап, жастар өнер салыс­тырып, әзіл-қалжыңдар күлкі шақы­рып, жи­нал­ған ел адамдары көңіл көтеріп, бір сергіп қалады. Мұнда өнерлілер өз талантын таны­тып, үлкендер бата беріп, оларға ақ жол тілейді. Осындай ауылдың «асау­көгінен» басталатын өнер жолында талапкерлер танылып, кейін олар бел­гілі мәдениет қайраткер­лері ретін­де танылған.

ҚЫЗ ҚУУ — қазақ халқының өте көне ойындарының бірі. Ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткен. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманы­мыз­дан бұрын қандай болса, қазірде сол күйінде қалып отыр. Сол заманғы тәртіп бойынша жарыс жігіт пен қалыңдық арасында өткізілген. Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойы­латын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болма­ған. Ертедегі аңыз-ертегілерге қара­ған­да, қазақтарда тағы мына­дай әдет-ғұрып болған. Осы әдет бойын­ша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі оған салына­тын айыппен қоса, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік атының жоқ­тығы үлкен кемістік болып есептелген. Егер қыз жеңілді деп табылса, оның жағы­ның келісімі бойынша, ешқандай қалыңмалсыз-ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шығатын болған. Жарыс мынадай тәртіппен өткізіледі. Сөреге қыз бен жігіт шақырылады. Жігіт қыздан 10—15 метр кейін тұрып жарысқа қосылады. Жігіт қызды қуып жетсе, өзінің жеңгендігін білдіру үшін оның білегінен орамалды алуға тырысады. Ал қыз болса керісінше, қуғыншыдан қашып құтылып, сөреге бұрын жетуге әрекет жасайды.


Құрметті оқырман!

Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!


Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062




Көрілген: 1236    Пікірлер: 0

жұма, 04.10.2013, 12:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Желтоқсан 2013
    Жаңажылдық бата
    25 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    24 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    20 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    19 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    13 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    12 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    11 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    10 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    6 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    5 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    4 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    30 Қараша 2013
    Роза ӘЛҚОЖА
    29 Қараша 2013
    Анығы – осы
    28 Қараша 2013
    Анығы – осы
    27 Қараша 2013
    Анығы – осы
    26 Қараша 2013
    Сержанали ӘЛІБЕК
    26 Қараша 2013
    Анығы – осы
    21 Қараша 2013
    Анығы – осы
    20 Қараша 2013
    Анығы – осы
    19 Қараша 2013
    Анығы – осы
    16 Қараша 2013
    Анығы – осы
    15 Қараша 2013
    Анығы – осы
    14 Қараша 2013
    Анығы – осы
    13 Қараша 2013
    Анығы – осы
    12 Қараша 2013
    Анығы – осы
    8 Қараша 2013
    Анығы – осы
    7 Қараша 2013
    Анығы – осы
    6 Қараша 2013
    Анығы – осы
    5 Қараша 2013
    Анығы – осы
    2 Қараша 2013
    Анығы – осы
    1 Қараша 2013
    Анығы – осы
    31 Қазан 2013
    Анығы – осы
    30 Қазан 2013
    Анығы – осы
    29 Қазан 2013
    Анығы – осы
    24 Қазан 2013
    Анығы – осы
    23 Қазан 2013
    Анығы – осы
    22 Қазан 2013
    Анығы – осы
    19 Қазан 2013
    Анығы – осы
    18 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Сайнхо – Алматыда!
    11 Қазан 2013
    Анығы – осы
    10 Қазан 2013
    Анығы – осы
    9 Қазан 2013
    Анығы – осы
    8 Қазан 2013
    Анығы – осы
    5 Қазан 2013
    Анығы – осы
    4 Қазан 2013
    Анығы – осы
    3 Қазан 2013
    Анығы – осы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30