Думан

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық өнерінің бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.


АТАСТЫРУ — қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, қыз бен жігіт ата-аналарының өз балаларын бір-біріне үйлендіру жайында ақ ниет, жарқын үмітпен күні бұрын уәделесуі, жігіт атын қызға, қыз атын жігітке естіртуі. Мұндай келісім ұл мен қыздың жас шағында, тіпті бесіктегі кезінде жасала берген. Егер қыздың ата-анасы ұлдың ата-анасының тілегін қабылдап, өскенде қызын беруге келіссе, қыз бен жігіт атас­тырылған болып саналып, алдын ала қалың мал төленген. Атастырылған жастар есейе келе міндетті түрде қосылатын болған. Сыралғы адамдар сізден қыз, бізден ұл (немесе кері­сінше) туса, бас құр­ғызайық деп, тіпті тумаған балаларын да атастыра берген.

ЖҰРТШЫЛЫҚ (дәс­түр). Біреуден көп қарыз алып, кейін оны өтей алмайтын жағдай да бола­ды. Бірақ ар-ұяты бар адамдардың алған қарызын өтемей кетуі ел ішінде мүлдe болмайды және бүкіл ел-жұртқа, руға, ағайын алдында үлкен мін саналады, бетке басылады. Міне, осындай жағдайға ұшыраған адамды жұрт алдына шығарып ұялтпай-ақ ел ағалары мен ақ­сақалдары бас болып, ағайын-туыстар бірлесіп, жалпы көпшіліктен көмек сұрайды, қаржы, мал жи­най­ды. Бұған барлық жұрт, көпшілік қатысатын болған­дықтан осы қайы­рымдылық дәстүр «жұрт­шылық» деп аталған. Қайы­рымды Қазақ елі бұдан бас тартпа­ған, жұрт болып жұмылған. Біpaқ мұны «жылу» жинаумен шатыс­тыруға болмайды. «Жылуды» жеке адам және оның отбасы ғана жинайды. ЕРУ (салт).  Көшіп бара жатқан үй ұзақ жолда өздері де, ат-көлігін де тынықтыру үшін жолда отырған бір ауылдың жанына келіп 1-2 күн аялдайды. Үй тікпей абылайшалап (шаңырақты уықпен көтеріп отыру) немесе жаппа тігіп (керегелердің басын қосып) отырады. Көшулердің мұндай аял­дауын «еру» дейді. Ос­­ындай кезде ауыл адамдары келіп, сәлемдecіп, жөн сұрасады. Оларды «ерулікке» ша­қырып, қонақ eтіп, риза қылып жолға шығарып салады. Егер еру көштің иесі 4-5 күн оты­ратын болса «ерулікке – қарулық» деп біp қойын сойып, ауыл үл­кен­дерін шақырып, батасын алады. Бұл салтта еліміздің бірлігі мен адам­гер­шілік, сыйластық белгіcі жатыр. Құрметті оқырман!


Құрметті оқырман!

Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!


Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062 




Көрілген: 1364    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.10.2013, 12:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Желтоқсан 2013
    Жаңажылдық бата
    25 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    24 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    20 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    19 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    13 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    12 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    11 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    10 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    6 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    5 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    4 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    30 Қараша 2013
    Роза ӘЛҚОЖА
    29 Қараша 2013
    Анығы – осы
    28 Қараша 2013
    Анығы – осы
    27 Қараша 2013
    Анығы – осы
    26 Қараша 2013
    Сержанали ӘЛІБЕК
    26 Қараша 2013
    Анығы – осы
    21 Қараша 2013
    Анығы – осы
    20 Қараша 2013
    Анығы – осы
    19 Қараша 2013
    Анығы – осы
    16 Қараша 2013
    Анығы – осы
    15 Қараша 2013
    Анығы – осы
    14 Қараша 2013
    Анығы – осы
    13 Қараша 2013
    Анығы – осы
    12 Қараша 2013
    Анығы – осы
    8 Қараша 2013
    Анығы – осы
    7 Қараша 2013
    Анығы – осы
    6 Қараша 2013
    Анығы – осы
    5 Қараша 2013
    Анығы – осы
    2 Қараша 2013
    Анығы – осы
    1 Қараша 2013
    Анығы – осы
    31 Қазан 2013
    Анығы – осы
    30 Қазан 2013
    Анығы – осы
    29 Қазан 2013
    Анығы – осы
    24 Қазан 2013
    Анығы – осы
    23 Қазан 2013
    Анығы – осы
    22 Қазан 2013
    Анығы – осы
    19 Қазан 2013
    Анығы – осы
    18 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Сайнхо – Алматыда!
    11 Қазан 2013
    Анығы – осы
    10 Қазан 2013
    Анығы – осы
    9 Қазан 2013
    Анығы – осы
    8 Қазан 2013
    Анығы – осы
    5 Қазан 2013
    Анығы – осы
    4 Қазан 2013
    Анығы – осы
    3 Қазан 2013
    Анығы – осы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31