Анығы – осы
«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық өнерінің бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.
ҮКІ ТАҒУ. Дәстүрлі қазақ қоғамында үкі қасиетті құс саналады. Сондықтан халық үкі қауырсынын жас нәрестенің баскиіміне, бесігіне тағады. Қазақтар қасиетті құстың қанаты сәбиді жын-шайтан, періден қорғайды, оның тыныш ұйықтауына септігін тигізеді деп сенген. Осыдан келіп қыздар мен сері жігіттер де баскиімдеріне үкі тағып жүретін болған. Үкі көбіне қыздардың баскиімдеріне (тақия мен сәукеле) тағылады. Қазақтың сал-серілерінің арасында да үкі қауырсынын баскиіміне тағып, елден ерекшеленіп жүргендер де болған. Олардың қатарына Үкілі Ыбырайды жатқызамыз. Үкі қауырсынын халық бойтұмар ретінде көріп, бағалаған.
Құрметті оқырман!
Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062