Анығы – осы
«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасына тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейді. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме сөздерді (парсы және араб тілдерінен енген) айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарының бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.
• Қыз өкпелегіш болса, ырысы кем болады.
• Жеңілтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.
• Қыз баланың бір тал түскен шашын кез келген жерге тастамайды, құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығады.
• Әйел итке тас лақтырса, үйдің ырысы кетеді, әйелдің бағы қайтады.
• Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.
• Келін бала көтермесе, нағашы жұртының бір баласын қойнына алып жатады.
• Жүкті әйел шашын кессе, іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі.
• Ана баланы дәретсіз емізбейді.
• Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.
Құрметті оқырман!
Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөліммен назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!
Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062