Думан

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ырым-тыйымдарының бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.


• Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.

• Қазақ аяқ-киімнің табанына қарамайды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да былғаныштан көз ұшынады.

• Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған. Халық нанымында: «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды», Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп, «жолын ашу» ырымын жасайды.

• Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Соғыс кезінде ғана солай жасауға болады.

• Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп, қыздың көйлегінің шетін жыртып «жол ашу» ырымын жасай­ды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды.

• Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады.

• Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айырылады.

• Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас бала емізбейді. Жалаңбас отырса, шайтан қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді.

• Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды.

• Бөтен адамға баскиімін бер­мейді. Олай жасаса, адам басы ке­миді. Баскиімін сыйлауға да бол­майды.

• Жасы кіші болса да әкесі үлкен «Жолы үлкен» болып саналады. Яғни салт-дәстүрде жол, кезек соған бе­ріледі.

• Қыз үйдегі келіндерден жоғары отырады. Қыздың ағаларынанда жо­ғары отыруға хақы бар. Өйткені «Қыз­дың жолы жіңішке» дейді халық.

• Сәбиді бесікке салғанда жол құдағидікі деп саналады немесе сол елдің әжесіне, ел сыйлаған анаға беріледі. Бесікті отпен аластайды.

• Алыстан қонақ келсе, сол үйдің көршісі немесе ауыл ақсақалдары ша­қырылады. Сыйластық белгісі осы­дан көрінсе керек. Алыстан кел­ген қонаққа ауылдың үлкен-кішісі сәлем беруі тиіс.


Құрметті оқырман!

Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!


Байланыс телефоны: 8 (727) 3 888 062 




Көрілген: 1266    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.11.2013, 11:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Желтоқсан 2013
    Жаңажылдық бата
    25 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    24 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    20 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    19 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    13 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    12 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    11 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    10 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    6 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    5 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    4 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    30 Қараша 2013
    Роза ӘЛҚОЖА
    29 Қараша 2013
    Анығы – осы
    28 Қараша 2013
    Анығы – осы
    27 Қараша 2013
    Анығы – осы
    26 Қараша 2013
    Сержанали ӘЛІБЕК
    26 Қараша 2013
    Анығы – осы
    21 Қараша 2013
    Анығы – осы
    20 Қараша 2013
    Анығы – осы
    19 Қараша 2013
    Анығы – осы
    16 Қараша 2013
    Анығы – осы
    15 Қараша 2013
    Анығы – осы
    14 Қараша 2013
    Анығы – осы
    13 Қараша 2013
    Анығы – осы
    12 Қараша 2013
    Анығы – осы
    8 Қараша 2013
    Анығы – осы
    7 Қараша 2013
    Анығы – осы
    6 Қараша 2013
    Анығы – осы
    5 Қараша 2013
    Анығы – осы
    2 Қараша 2013
    Анығы – осы
    1 Қараша 2013
    Анығы – осы
    31 Қазан 2013
    Анығы – осы
    30 Қазан 2013
    Анығы – осы
    29 Қазан 2013
    Анығы – осы
    24 Қазан 2013
    Анығы – осы
    23 Қазан 2013
    Анығы – осы
    22 Қазан 2013
    Анығы – осы
    19 Қазан 2013
    Анығы – осы
    18 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Сайнхо – Алматыда!
    11 Қазан 2013
    Анығы – осы
    10 Қазан 2013
    Анығы – осы
    9 Қазан 2013
    Анығы – осы
    8 Қазан 2013
    Анығы – осы
    5 Қазан 2013
    Анығы – осы
    4 Қазан 2013
    Анығы – осы
    3 Қазан 2013
    Анығы – осы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30