Анығы – осы
«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасына тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейді. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме сөздерді (парсы және араб тілдерінен енген) айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ырым-тыйымдарының бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.
АМАНДАСУ. Өзара сәлемдесіп, амандық-саулық біліскен соң, мұсылмандар әдетте қол алысады. Қол алысқанда да алақанды бір-біріне түйістіріп ұстайды. Ал жай ғана саусақтардың ұшын беріп қана амандасуға болмайды.
Әуелгі қол берген кісі кейінгісі қолын алғанша шыдамдылық танытып күтіп тұруы керек. Әрине, қол алысып амандасқан тұста қабақ түймей, теріс қарамай, қайта жарқын жүзбен әрі ықылас, әрі кеңпейілдік танытуы керек.
Қаныпезерлер, кәпірлер, жезөкшелер мен дінбұзарларға қол беріп амандаспаса да болады.
Күнде көріп жүрген таныстарыңмен көрісіп амандасу ақылға сыйымсыз. Ел-жұртқа қадірлі, көпшілік сыйлайтын кісімен қол алысып амандасқан соң, оның тағы қолынан сүйіп, құрмет көрсеткеннің еш ерсілігі жоқ.
Құрметті оқырман!
Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөліммен назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!
Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062