Думан

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Мәселен, осы санда біз түс жоруға қатысты бірқатар ырымдар мен тыйымдарды тізбектеп бермекпіз.


Дініміз бойынша, адам жаман, қорқынышты түс көрсе, дереу сол жақ иығына қарата үш рет түкіріп, «қуылған шайтанның шатағынан Аллаға сиынамын» деп Құдайдың құдіретіне жалбарынуы керек. Тұрып дәрет алып, екі бас намаз оқыса, тіпті жақсы. Садақа берсе де қайырлы. Садақа бәледен аластатады. Бір қадап айтар нәрсе – жаман түсті еш­кім­ге еш уақытта да айтуға болмайды. Дін бойынша солай. Қазақтың «Түс – түлкінің боғы» деп, жаман түсті елемейтіні сондықтан. Жалпы, түсті тек жақсылыққа жору керек. Жамандыққа жорыса, толқып тұрған түс жаман жаққа ауып кетеді делінеді. Қазақтың «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейтіні – осы. Кейбір адамдар түстің тілін түсінеді. Түсті жорытқанда да, осындай түстің тілін білетін, салиқалы кісілерге жорытқан жөн. Ал бір керемет түс көрдіңіз, мәселен, онда сіз  Пайғамбарды көрдіңіз дейік, негізінен, ондай жақсы түсті де ешкімге айтпау керек, айтсаңыз, қасиеті қашып кетуі әбден мүмкін.

Өмірде қатты қалжыңдасатын құрдас кісілер де болады. Кейде ойнағанның жөні осы деп шектен тыс асырып жібереді. «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» дейді ата-бабамыз. Мұның бәрі өмірлік тәжірибеден алынған. Сөзбен еш уақытта ойнауға болмайды. Сөздің сиқыры, энергия­сы бар. Жапонның бір ғалымы екі құтыға бірдей таза табиғи су құйып, бірдей гүл өсірген. Сөйтіп, бір гүлге үнемі жақсы, жағымды сөздер айтқан болса, ал екінші гүлді ылғи балағаттап, лағынет сөздер айтып отырған. Нәтижесінде жақсы сөзге семірген гүл керемет жайқалып өсіп қана қоймай, суының құрамы да өз сапалылығын сақтап қалған. Ал была­пыт сөздерді көп естіген гүл уақы­тынан бұрын солып, қурап кет­кен екен.


Құрметті оқырман!

Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062




Көрілген: 1323    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.12.2013, 12:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Желтоқсан 2013
    Жаңажылдық бата
    25 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    24 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    20 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    19 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    13 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    12 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    11 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    10 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    6 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    5 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    4 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    30 Қараша 2013
    Роза ӘЛҚОЖА
    29 Қараша 2013
    Анығы – осы
    28 Қараша 2013
    Анығы – осы
    27 Қараша 2013
    Анығы – осы
    26 Қараша 2013
    Сержанали ӘЛІБЕК
    26 Қараша 2013
    Анығы – осы
    21 Қараша 2013
    Анығы – осы
    20 Қараша 2013
    Анығы – осы
    19 Қараша 2013
    Анығы – осы
    16 Қараша 2013
    Анығы – осы
    15 Қараша 2013
    Анығы – осы
    14 Қараша 2013
    Анығы – осы
    13 Қараша 2013
    Анығы – осы
    12 Қараша 2013
    Анығы – осы
    8 Қараша 2013
    Анығы – осы
    7 Қараша 2013
    Анығы – осы
    6 Қараша 2013
    Анығы – осы
    5 Қараша 2013
    Анығы – осы
    2 Қараша 2013
    Анығы – осы
    1 Қараша 2013
    Анығы – осы
    31 Қазан 2013
    Анығы – осы
    30 Қазан 2013
    Анығы – осы
    29 Қазан 2013
    Анығы – осы
    24 Қазан 2013
    Анығы – осы
    23 Қазан 2013
    Анығы – осы
    22 Қазан 2013
    Анығы – осы
    19 Қазан 2013
    Анығы – осы
    18 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Сайнхо – Алматыда!
    11 Қазан 2013
    Анығы – осы
    10 Қазан 2013
    Анығы – осы
    9 Қазан 2013
    Анығы – осы
    8 Қазан 2013
    Анығы – осы
    5 Қазан 2013
    Анығы – осы
    4 Қазан 2013
    Анығы – осы
    3 Қазан 2013
    Анығы – осы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30